Жұмыс берушілер үшін «Ашық есік күні»

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жұмыс берушілер үшін «Ашық есік күні»

2022 жылдың 29 қыркүйегінде БЖЗҚ онлайн форматта «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту» тақырыбында кезекті Ашық есік күнін өткізеді.

Іс-шараға қатысуға заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері шақырылады.

Іс-шараның мақсаты:

-        ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

-        ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-        қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Спикерлер сайтта «Заңды тұлғаның кабинеті» бөлімінің қандай жаңа функциялары пайда болғанын және мұның жеке кәсіпкерлер үшін неліктен маңызды екенін әңгімелеп беріп, көрнекі түрде көрсетеді.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, барлық кеңес алғысы келетіндерге жеке кеңестер береді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ecb00a8b487fbb865cb2a67d95a5c7a5b.  Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу: 2517 484 6951 және event-кеңес паролін енгізу: 123456 қажет.

Жұмыс берушілер үшін «Ашық есік күні»
Дата публикации
07 сентября 2022