Қызылсай ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ

                                                                                «Бекітемін»

                                                                                   Қызылсай ауылының әкімі

 

                                                                          __________Р. Абишаев

                                                                                      «__»__________ 2022 жылы

 

 

Қызылсай ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиналыстың

№__ ХАТТАМАСЫ

 

08.08.2022 жыл                                                                            Қызылсай ауылы

 

         Жиналысты ашқан: Қызылсай ауылының әкімі Р. Абишаев

 

Қатысқандар: Қызылсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың мүшелері (13 адам):

 

         Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының төрағасы Каменов Алдаберген;

 

         Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының хатшысы Кажинова Галима;

 

         Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының мүшелері: Турсыналиева Индира, Толепбергенова Асия, Есбосынов Қолғанат, Бекенов Ізбасар, Кожаева Маржан, Бесинбаева Тазагүл, Джауынбаев Дауылбек, Жұмабай Исенбай, Камысбаева Сұлухан, Джимбаев Сүйіндік,  Бигилдиева Избиби, Темиршеева Алия, Еңсегенов Қайрат.

 

 

Күн тәртібі:

 

  1. Қызылсай ауылының Жұмаберген Қаспаев, Қазақстан, Қадырбай Аманиязов, Жаңақұрылыс көшесі, Жаңақұрылыс көшесі №3 аралық, Жаңақұрылыс көшесі №4 аралық, Тұрар Рысқұлов, Ғани Мұратбаев, Исатай Тайманов, Бұрғышы, Бақтыбай Борсанов, Оразғали Оңғарбаев, Жоғарғы ауыл көшелерінің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

Тыңдалды:

 

Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшесі Ж. Исенбай:

Жауын-шашын және балшық күндері ауылымыздың тұрғындарымен оқушыларына қолайлы жағдай жасау үшін аталған көшелердің автокөлік жолдарын жөндеу маңызды деп есептеймін.

Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшесі Д. Джауынбаев:

Жол жүрісі қауіпсіздігінің жақсаруы, жүк тасымалының, жолаушылар тасымалының сапалы болуына аталған ауыл көшелерін орташа жөндеуден өткізу оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты, тез арада автокөлік жолына жөндеу жұмыстары қажет деп есептеймін. 

Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық төрағасы Каменов Алдаберген:

Жасақталған жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес, жоғары тұрған органнан 265 527 950 (екі жүз алпыс бес миллион бес жүз жиырма жеті мың тоғыз жүз елу) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолдауымыз қажет.

Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық хатшысы Г. Кажинова:

Жоғарыда аталған ұсыныс-пікірлерді тыңдай келе:

Қызылсай ауылының Жұмаберген Қаспаев, Қазақстан, Қадырбай Аманиязов, Жаңақұрылыс көшесі, Жаңақұрылыс көшесі №3 аралық, Жаңақұрылыс көшесі №4 аралық, Тұрар Рысқұлов, Ғани Мұратбаев, Исатай Тайманов, Бұрғышы, Бақтыбай Борсанов, Оразғали Оңғарбаев, Жоғарғы ауыл көшелерінің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу  үшін, жоғары тұрған органнан 265 527 950 (екі жүз алпыс бес миллион бес жүз жиырма жеті мың тоғыз жүз елу) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолдау жөнінде Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұсынысын ашық дауыс беруге шақырамын.

 

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес:

 

Иә – 13

 

Қарсы – жоқ

 

Қалыс қалғандар – жоқ

 

Қаулы етілді: Осы жасақталған хаттаманың негізінде, қабылданған шешім негізінде, Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жасақталған жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес 265 527 950 (екі жүз алпыс бес миллион бес жүз жиырма жеті мың тоғыз жүз елу) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолданылсын.

 

Жиын төрағасы                                 _____________ А. Каменов

 

Жиын хатшысы                                 _____________ Г. Кажинова

Қызылсай ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиналыстың ХАТТАМАСЫ
Дата публикации
31 августа 2022