Қызылсай ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы туралы
ХАТТАМА
№03
25.04.2022 жыл Қызылсай ауылы
Өткізілу орны:
Қызылсай ауылы
Ардагерлер үйі
Өткізілу уақыты: 1000-де
Жиынды ашып жүргізетін: Қызылсай ауылының әкімінің м.а. Төлебай Бақтияр Серікұлы
Құрметті Қызылсай ауылының тұрғындары!
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және Жаңаөзен қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Қызылсай ауылы тұрғындарының жиналысы өткізіліп жатыр. Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.
Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны – 25 адам, жиынға келгендердің саны – 20 адам.
Сөз жиын төрағасы Каменов Алдабергенге беріледі.
Күн тәртібі:
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/113 «2022- 2024 жылдарға арналған Қызылсай ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:
Бірінші мәселе, Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/113 «2022- 2024 жылдарға арналған Қызылсай ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шешім қабылданды.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» - 20 адам.
«Қарсы» - 0 адам
«Қалыс» - жоқ
шешім (көпшілікпен, бірауыздан, қабылданбады) қабылданды.
Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/113 «2022- 2024 жылдарға арналған Қызылсай ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысын жиын мүшелері бір ауыздан қабылдады.
Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер. Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері. Бүгінгі жиналыста ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша бір мәселе қаралған болатын. Мәселе өз шешімін тауып, Сіздердің толық қолдауларыңыздың арқасында шешім бірауыздан қабылданды. Ауыл әкімінің аппараты жиналыста қабылданған шешім бойынша тиісті жұмыстарын атқарсын. Атқарылған жұмыстарының есебін келесі жиында баяндасын.
Күн тәртібі қарастырылды.
Жиналысты өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ.
Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Сау болыңыздар!
Жиын төрағасы _____________ А. Каменов
Жиын хатшысы _____________ Г. Кажинова