«Бекітемін»
Қызылсай ауылының әкімі
__________Р. Абишаев
«__»__________ 2022 жылы
Қызылсай ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткізілген жиналыстың
№__ ХАТТАМАСЫ
10.03.2022 жыл Қызылсай ауылы
Жиналысты ашқан: Қызылсай ауылының әкімі Р. Абишаев
Қатысқандар: Қызылсай ауылының жергілікті қоғамдастықтың мүшелері (15 адам):
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының төрағасы Каменов Алдаберген;
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының хатшысы Кажинова Галима;
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастығының мүшелері: Турсыналиева Индира, Толепбергенова Асия, Есбосынов Қолғанат, Бекенов Ізбасар, Кожаева Маржан, Бесинбаева Тазагүл, Джауынбаев Дауылбек, Жұмабай Исенбай, Камысбаева Сұлухан, Джимбаев Сүйіндік, Бигилдиева Избиби, Жақсыбекова Айгерім, Темиршеева Алия, Еңсегенов Қайрат, Назаров Тұрсынбай.
Күн тәртібі:
Тыңдалды:
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшесі Т. Назаров:
Ауылымыздың тұрғындары жеңіл автокөліктерімен және өндірістік аймаққа қарасты арнайы техникаларымен күнделікті жұмысқа және қалаға қатынайтындықтан аталған автокөлік жолын жөндеу маңызды деп есептеймін.
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшесі Д. Джауынбаев:
Республикамызға танымал «Бозжыра» шатқалына және «Бекет ата, Шопан ата» секілді киелі орындарға туристер мен зираттаушылар көп келетіндіктен аталған автокөлік жолын жөндеуге сметалық құжаттамаға сәйкес қаржы сұратуымыз қажет деп ойлаймын.
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшесі Ж. Исенбай:
Қазіргі таңда «Жаңаөзен-Қызылсай» автокөлік жолының тозуынан жол көлік оқиғалары көбейуде, аталған жолды жөндеген жағдайда, жол жүрісі қауіпсіздігі жақсаруы, жүк тасымалының, жолаушылар тасымалының сапалы болуына, жолаушылар өмірінің сақталуына оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты, тез арада автокөлік жолына жөндеу жұмыстары қажет деп есептеймін.
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық төрағасы Каменов Алдаберген:
«Жаңаөзен-Қызылсай» автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ЖаркынСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жасақталған жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес, жоғары тұрған органнан 467 896 890 (төрт жүз алпыс жеті миллион сегіз жүз тоқсан алты мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолдауымыз қажет.
Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық хатшысы Г. Кажинова:
Жоғарыда аталған ұсыныс-пікірлерді тыңдай келе:
«Жаңаөзен-Қызылсай» автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ЖаркынСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жасақталған жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес, жоғары тұрған органнан 467 896 890 (төрт жүз алпыс жеті миллион сегіз жүз тоқсан алты мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолдау жөнінде Қызылсай ауылы жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұсынысын ашық дауыс беруге шақырамын.
Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес:
Иә – 15
Қарсы – жоқ
Қалыс қалғандар – жоқ
Қаулы етілді: Осы жасақталған хаттаманың негізінде, қабылданған шешім негізінде, Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне «ЖаркынСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жасақталған жобалық сметалық құжаттамасына сәйкес 467 896 890 (төрт жүз алпыс жеті миллион сегіз жүз тоқсан алты мың сегіз жүз тоқсан) теңге көлемінде қаржыға сұраныс жолданылсын.
Жиын төрағасы _____________ А. Каменов
Жиын хатшысы _____________ Г. Кажинова