Программа развития местного сообщества по с. Кызылсай

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№________

 

«      »  ______2021 жыл

 

 

 

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қызылсай ауылы

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

_Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы__

(аудан және облыс атауы)

2021 – 2023 жылдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әзірлеуші: «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ___________________

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ жергілікті қоғамдастықтың дамуының 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламасы

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Қызылсай ауылы 1959 жылы поселка ретінде құрылып, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №126 қаулысы және Маңғыстау облысы Мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырындағы №17/255 шешіміне сәйкес Қызылсай селосы «ауыл» санатына жатқызылды. Қызылсай ауылы Жаңаөзен қаласынан 18 шақырым жерде солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жалпы ауданы 8995,0355 Га (көше саны 39). Облыс орталығынан 173 шақырым, ал қала орталығынан қашықтығы 20 шақырым қашықтықта орналасқан..

Қызылсай ауылының халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарына              7500 адамды құрайды. Көше саны – 39,  тұрғын үйлер саны –  1151.

Жергілікті қоғамдық мүшелерінің (төрағасымен бірге) саны –      25 адам.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.05.2014 жылғы         №28/233 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті Қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімімен құрылды.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 01.06.2018 жылғы               №20/253 «Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімі негізінде өкілеттілік берілген.

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Қызылсай ауылын дамыту.

2021-2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасы (бұдан әрі- Бағдарлама) Қызылсай ауылы тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсімге қол жеткізу.

2021 жылдың 1 қаңтары бойынша  халық саны 7500 адамды құрайды.

Ауыл бойынша барлығы 6 шаруа қожалығы, 34 жеке кәсіпкерлік нысан тіркелген. Аталған нысандар бүгінгі күні өз істерін дамытып ауыл экономикасына өз үлестерін қосып, 34 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде, азық-түлік дүкендері, минимаркеттер, шаштараз, автокөлікті газбен жабдықтау орталығы, дәріханалар, көлікке қызмет көрсету орталығы және тағы басқалары. Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Әлеуметтік сала.

Білім беру.

Ауылда 1 орта мектеп орналасқан:

1) Ауылдың орталық аумағындағы №4 орта мектеп 1985 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы 1140 орынға арналған, қазіргі таңда 1464 бала білім алады, мұғалімдер және кіші қызметкерлер саны – 189. Аз қамтылған отбасының балалары ыстық тамақпен қамтылған.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Қызылсай бөбекжайы бақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 2015 жылы қолданысқа берілді, сыйымдылығы 140 орындық және 320 орындық балабақшалар екі типтік ғимаратта орналасқан. Қазіргі таңда, 393 бала тәрбие алуда,  тәрбиешілер саны – 124.

Мектептер мен балабақшалар типтік ғимараттарда орналасқан,толықтай интернет желісімен және қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген.

 

Денсаулық сақтау.

      Ауылда күндізгі ем қабылдауға арналған емхана орналасқан. Алайда аталған емхана қазіргі таңда апатты деп танылып, мәдениет үйінің ішіне уақытша орналастырылды. Ауылдың Ардагерлер үйі ғимаратының ішінен жедел жәрдем қызметкерлерінің шақырушыға уақытылы көмек көрсетуі үшін арнайы бөлме беріліп, жедел жәрдем қызметін көрсетуде. Отбасылық дәрігерлік амбулаторияда 2 дәрігер қызмет етеді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2020 жылдың қыркүйек айында ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы басталды. Мердігер мекеме «Нұрлы жол құрылыс» ЖШС-гі. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2021 жылдың  I тоқсаны.

Қызылсай ауылы бойынша барлығы 3 дәрігер, 25 медбике, 1 жалпы тәжірибелі дәрігер қажет етілуде.

Мәдениет саласы.

«Ұзақбай жырау Қазжанұлы» атындағы МКҚК мәдениет үйі 2012 жылы пайдалануға берілген, сыйымдылығы 300 орындық. Мәдениет үйінде «ән», «жыр-терме»,«би», «домбыра» және тағы басқа үйірмелер бойынша қызмет көрсетеді. Мәдениет үйінде барлығы 28 қызметкер, оның ішінде 9 қызметкер  үйірмелер бойынша қызмет атқарады.

Мәдениет үйі ғимаратында – ауыл кітапханасы орналасқан. Кітап қорының жалпы саны - Кітап қоры 7786 дана. Оның ішінде қазақша кітап саны 7604 кітап. Жылда кітапхана жаңа кітаптармен толығып отырады. Оқырмандар арасында кездесулер дөңгелек үстел шаралары өткізілді. Қызметкерлер саны - 1.Оқырмандар саны 2039 адамды құрайды.

 

Спорт саласы.

Қызылсай ауылдық №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі қызмет атқарады. Онда 15 секцияда 28 мұғалім жұмыс жасап, 842 оқушы бар.

Сонымен қатар, ауылда жекпе-жек спортын дамыту мақсатында С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектептің жер төлесіне демеушілік қаражаты есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дзюдо және қазақша күресі секциялары ашылды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

Ағымдағы жылдың есептік кезеңі бойынша, Қызылсай ауылынан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны - 424 адамды құрайды.

Жыл бойы жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындардан:

1) Жастар практикасына – 7 жас маман;

2) Тұрақты жұмысқа – 128 адам;

3) Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 94 адам жолданды.

Бір жолғы атаулы әлеуметтік көмек 24 отбасыға барлығы 618287 теңге көлемінде қаражат берілді. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек                   30 отбасындағы  194 адамға тағайындалды.

 

Қоғамдық тәртіп.

Қоғамдық тәртіп.Қызылсай ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда. Ауылда                            2 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. 1 дана арнайы техникамен қамтамасыз етілген.

 

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.

Қызылсай ауылы орталықтандырылған ауыз су, электр, газ желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде:

- су құбырының ұзындығы – 61,342 шақырым. Ауыз сумен қамтылып отырған абонент саны – 1185, яғни қамтылуы – 98,7%  құрайды.

- электр желісінің ұзындығы – 76,8 шақырым. Абоненттер саны – 1185,  қамтылуы 100%  құрайды.

- газ желісінің ұзындығы – 56,5 шақырым. Абоненттер саны – 1185,  қамтылуы  100%  құрайды.

- автомобиль жолдарының ұзындығы – 31,58 шақырым, оның ішінде асфальттанғаны – 14,73 шақырымды құрайды.

Байланыс саласы.

Пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді. Телефон желісімен «Қазақтелеком» АҚ-ны қамтамасыз етеді. ауылда 435 жеке тұрғын үй телефон желісімен, соның ішінде, 478 үй ғаламтор желісімен қамтылған.

«Отау-ТВ» спутниктік телеарнасы 100 процент толықтай қамтылған.

 2020 жылы ауыл оқушыларына қашықтан оқу кезіндегі қиыншылықтарды болдырмау мақсатында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның қолдауымен ұзындығы 28 метрлік мұнара тұрғызылып, интернет антеналары орнатылды. Қазіргі таңда ауылда «Altel», «Tele 2», «Activ» операторларында 4G интернет желісі жоғары дәрежеде жұмыс жасауда. 

Сонымен қатар, «Синерджи телеком» ЖШС–ы ауылда қосымша интернет желісін жүргізіп, ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде интернет желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауыл шаруашылық бойынша.

Ауылдағы шаруа қожалықтарының саны – 6 бірлік.  Мал басы саны – 2137, соның ішінде: ірі қара мал (сиыр) – 94 бас, жылқы – 591 бас, түйе – 824 бас, ұсақ мал (қой мен ешкі) – 628 бас.

Ауыл бойынша мал ауруының алдын-алу мақсатында, екпе жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Ірі қара мал, қой және ешкілер сырғаланып, дерекқорға енгізілді.

Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі арқылы ауыл маңында иесіз жүрген  143 иттің көзі жойылды. Ауыл әкімдігінің тарапынан қабаған иттері бар әрбір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде. Сонымен қатар, малдардың белгіленбеген жерлерде жайылып, қараусыз жүруі ауылдың көгалдандыруына кері әсерін тигізіп жатырғандығы және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай, әкімшілік жаза қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Ауыл халқының әлеуметтік - экономикалық, тұрмыстық жағдайын жақсарту, ауылдың инфрақұрылымын дамыту мақсатында алға қойған жоспарлар:

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 16.03.2016 жылғы №155 қаулысы, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 17.03.2016 жылғы №49/422 шешімімен Қызылсай ауылының шекарасы анықталып, жер көлемі 8995, 0355 гектар болып белгіленді. Қазіргі таңда 2011 жылғы жасақталған нақты жоспарлау жобасында Қызылсай ауылының аумағы толық қамтылмауына байланысты, нақты жоспарлау жобасына өзгеріс енгізу қажет. Бұл өз кезегінде, ауыл аумағында жеке қосалқы шаруашылықтарға жер телімдерін беру арқылы  мал шаруашылығын, егін шарушылығын дамытуға үлкен мүмкіндік береді.

  • Ауыл ішілік көшелерге ұзындығы 5 шақырым құрайтын жаяу жүргіншілер  жолын (тротуар) салу және ескірген 3 шақырым жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру;

- Жедел жәрдем станциясының филиалы үшін модульді кіші станциясын орнату;

- Қызылсай ауылы әуе желісі мен бетонды бағаналарының 70% тозуына байланысты жаңарту;

- Жаз мезгілінде ауыл тұрғындары мен «Төңірекшың» ойында орналасқан егін шаруашылықтары су тапшылығына байланысты ауыз суды кестемен пайдалануда, Осыған орай бөлінетін су көлемін ұлғайту және ауыл аумағынан төрт-түлік малдар мен егін алқаптарын суаруға арнап құдықтар қазу;

 

- Қоқыс төгуге арнайы белгіленген орын Қызылсай ауылынан 32 шақырым қашықтықта орналасуына байланысты Қызылсай ауылының шығыс бағытында орналасқан көлемі шамамен 4 гектар құрайтын ескі  карьер орнын арнайы қоқыс төгетін орынға айналдыру мақсатында, өз ұсынысын білдірген жеке инвесторға аукциондық немесе басқада тәсілмен заңдастыру;

- Қызылсай ауылының әкімдік ғимараты 2000 жылы қолданысқа беріліп, бүгінгі таңға дейін жөндеуден өткізілмеген. Аталған ғимараттың тозығы жетуіне байланысты, қазіргі кезде күрделі жөндеуді қажет етеді немесе жаңа әкімдік ғимаратын салу;

Қызылсай ауылы әкімдігінде 5 мемлекеттік қызметші қызмет етеді. Ауыл халқының өсуіне орай, маман жетіспеуде. Осыған орай әкім аппаратына                  2 мемлекеттік қызметші штат орнын бөлу.

 

 

 

 

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I.                  Білім беру

1

Қызылсай ауылындағы С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектепке 150 орындық жапсаржай салу үшін ЖСҚ әзірлеу

2024 ж

12 000 теңге

ЖБ

2024 ж

2

Қызылсай ауылындағы С. Бегендікұлы атындағы №4 орта мектепке 150 орындық жапсаржай салу.

2025 ж

200 000 теңге

ЖБ

2025 ж

      II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерде жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсету

2021 ж

Атаулы әлеуметтік көмек төлемнің қаржы көлемі өтініш берушілердің санына қарай ай сайын бюджеттік өтінім өзгеріп тұрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің 90 пайызы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджет есебінен

Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылының тұрғындарына жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсету қызметі 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталды.

2.2

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

 

2021 ж

 

 

 

599

 

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

 

 

31.12.2021 ж

 

 

1 783

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

 

31.12.2021 ж

 

 

2022 ж

 

1 871

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

 

 

2023 ж

 

1 961

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2023 ж

 

III. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

3.1

Жаңаөзен қаласының Маңғыстау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының филиалы үшін 3 модульді шағын станцияларын салуға (Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарында) (кешенді жоспар 13.12.2019 ж. №923 каулысы)

 

2021 ж

 

 

30 000 теңге

 

ЖБ

 

2021 ж

 

IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

4.1

Қызылсай ауылын сумен жабдықтауды қайта жаңарту (5 шақырым)

(«Ауыл ел - бесігі»)

2024 ж

5 000 теңге

ЖБ

2024 ж

4.2

Қызылсай ауылын сумен жабдықтауды қайта жаңарту (5 шақырым)

(«Ауыл ел - бесігі»)

2025 ж

200 000 теңге

ЖБ

2025 ж

4.3

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2021 ж

 

 

33 104

 

 

 

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

 

 

   2022 ж

 

43 417

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

2023 ж

 

45 957

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

4.4

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

2021 ж

16 917

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

 

27 230

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

 

2023 ж

 

 

29 770

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2023 ж

4.5

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

2021 ж

8 975

Жергілікті бюджет қаражаты еcебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

 

 

19 288

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

2023 ж

21 828

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2023 ж

                                                 V. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ

5.1

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау

 

2021ж

 

3 305

 

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен

31.12.2021ж

37 012

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021ж

2022 ж

37518

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 

31.12.2022 ж

   2023 ж

           38 049

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

 31.12.2023 ж

5.2

Ұ.Қазжанұлы атындағы мәдениет үйін орташа жөндеуден өткізу

2021 ж

8 000  теңге

РБ немесе ЖБ

2021 ж                  31 желтоқсан

5.3

С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектептің ауласындағы спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуден өткізу

 

2021 ж

5 500  теңге

РБ немесе ЖБ

2020-2021 ж

5.4

Қызылсай ауылында спорт залының құрылысын салу

2023 ж

300 000 теңге

ЖБ

2023 ж

5.5

Жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық іс – шараларды өткізу

2021 ж

 

0

 

 

 

     Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2021 ж

 

2022 ж

0

 

 

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2022 ж

 

2023 ж

0

    Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

31.12.2023 ж

VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ

6.1

Қызылсай ауылы Жұмаберген Қаспаев, Қазақстан, Қадырбай Аманиязов, №3 аралық, №4 аралық, Тұрар Рысқұлов, Ғани Мұратбаев, Исатай Тайманов, Бұрғышы, Жаңақұрлыс, Бақтыбай Борсанов, Оразғалы Оңғарбаев, Жоғарғы ауыл көшелеріне автокөлік жолдарын салу (6,2 шқ.) (Ауыл ел бесігім)

2023 ж

322 400 теңге

ЖБ

2023 ж

6.2

«Жаңаөзен – Қызылсай» автокөлік жолына орташа жөндеу (17,1 шқ.)

2023 ж

393 300

ЖБ

 

2023 ж

6.3

Рахат ауылының "Рахат" ш/а Саяжай, Гүлмайса, Лалагүл, Көкорай көшелері, "Мерей" ш/а 46 көшесі, Теңге ауылының Әліби Жангелды, "АТП" ш/а Мұрын Жыраумен Шакен Айманов көшелерінің аралығы, Қызылсай ауылының Абай және Оңтүстік ауыл көшелерін орташа жөндеу (14,7 шқ.)

2023 ж

338 100

ЖБ

2023 ж

6.4

Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдары автокөлік жолдарындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне күн электростанцияларымен жарықтандырылатын жол белгісі қондырғыларын орнату;

2021 ж

10 000

ЖБ

2021 ж

6.5

Жаңаөзен қаласы және Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдары автокөлік жолдарындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне күн сәулесімен жарықтандырылатын маркер (кочащий глаз) орнату;

2022 ж

10 000

ЖБ

2022 ж

VII. БАСҚАЛАР

7.1

Қызылсай ауылы Оңтүстік және Жаңақұрылыс көшелеріндегі балалар ойын алаңшасын ағымдағы жөндеуден өткізу

 

1 151 теңге

РБ немесе ЖБ

2021-2023 жылдар

7.2

Қызылсай ауылы Ж.Қаспаев, Оңтүстік және Жоғарғы ауыл көшелеріне 3 дана ойын алаңшаларын орнату.

 

12 500 теңге

РБ немесе ЖБ

2021-2023 жылдар

7.3

Қызылсай ауылы Абай көшесіндегі балалар ойын алаңшасын ағымдағы жөндеуден өткізу

 

700 теңге

РБ немесе ЖБ

2021-2023 жылдар

7.4

Қызылсай ауылындағы «Қарашаңырақ» мемориалды ескерткішін ағымдағы жөндеуден өткізу

 

900 теңге

РБ немесе ЖБ

2021-2023 жылдар

7.5

Қызылсай ауылының кіреберісін 6 шақырымын жарықтандыру

 

-           

РБ немесе ЖБ

2021-2023 жылдар

7.6

Қызылай ауылының 25 шақырым электрожелісін және 15 дана 6/4 Кв КТП, ТП ауыстыру жұмысына жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ)жасақтау

 

15 000 теңге

ЖБ

2021-2023 жылдар

7.7

Қызылсай ауылының кезең-кезеңімен 12,5 шақырым автокөлік жолын салуға жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ)жасақтау

 

18750 теңге

ЖБ

2021-2023 жылдар

7.8

Қызылсай ауылына кірме жолды жарықтандыру (Ауыл-Ел бесігі)

2025 ж

15 000 теңге

ЖБ

2025 ж

                       

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жауапты болып табылады.

 

Программа развития местного сообщества по с. Кызылсай
Дата публикации
31 августа 2022