Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылы сәуір - маусым айларына талдамалық
АНЫҚТАМА
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылы 18 мамырдағы № 170 н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 122 қызмет түрлері, оның ішінде 101 электронды қызмет түрлері бекітілген.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша сәуір- маусым айларында өткізілген іс-шаралары
ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2022 жылы 8 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізу жоспарланған. Аталған жоспар бойынша сәуір - маусым айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 3 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 3:
«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.
«Қалалық сәулет және қала құрылы бөлімі» ММ.
«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны –10, оның ішінде:
- ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап ету – 3;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 7.
Ұсынымдар саны – 9, оның ішінде:
Орындалғаны – 6; қалған 3-і келесі айларда орындалатындар.
2022 жылдың сәуір-маусым айлары бойынша көрсетілген
мемлекеттік қызметтер бойынша
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2022 жылы қаңтар-маусым айларында :
Көрсетілген қызмет түрі–59 (18 137 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 17 900, заңды тұлғалар – 230),
жергілікті атқарушы органмен – 3 қызмет түрі бойынша 226 қызмет,
мемлекеттік корпорация – 23 қызмет түрі бойынша 3 881 қызмет,
портал – 44 қызмет түрі бойынша 14 030 қызмет көрсетілді
Қарастырылып отырған кезеңінде барлығы 1 420 бас тартулар ұсынылған (қағаз түрінде - 1 088, электрондық түрінде – 332).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзім бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау әдiстемесiнің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуы» критерийі шеңберінде және ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, мерзім бұзушылық фактісі анықталмады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша
Мемлекеттік қызмет сапасын анықтау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар арқылы қоғамдық мониторинг жүргізуге қаражат қарастырылып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілуі жоспарлануда.
«Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» бойынша
Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 60 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар, оның ішінде:
- Мемлекеттік мекемелер ғимаратында – 2;
- Қалалық білім бөлімінде– 1;
- Неке сарайы ғимаратында – 1;
- Ауыл әкімдіктері – 3;
- Орталық кітапхана – 1;
- Ауылдық мәдениет үйлерінде – 2;
- Білім беру ұйымдарында – 50.
Өзі-өзіне көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызмет саны мен алынған анықтама саны 4 104 ке жуық.
Халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыру, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, қалалық әкімдік ғимаратында сервистік әкімдікте 45-85 жуық тұрғынға кеңес беріліп, 10-20 қызмет көрсетілді.
2022 жылы 2 тоқсанында қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өткен адам саны- 0
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сәуір- маусым айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 18, оның ішінде мақала–3, телеарнаға шығу – 2, ашық есік – 2, дөңгелек үстел – 3, онлайн жәрмеңке – 1, тәжірибе алмасу-3, телеарна-2, жиналыс-4, дөнгелек үстел-3, бейнеролик-1, семинар 3 . Қамтылған адам саны – 152.
Сонымен қатар, жоспардан тыс мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілеріне (инстаграмм, фейсбук парақшалар) жарияланған пост саны – 21. Қамтылған адам саны – 500-700.
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша сәуір-маусым айларында өткізілген түсіндіру |
||||
|
жұмыстары |
||||
|
№ |
Іс-шара атауы |
Уақыты |
Орындаушы және шара тақырыбы |
Адам саны |
|
1. |
дөңгелек үстел |
28.06.22ж. |
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» ММ-мен ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді |
10 |
|
2. |
15.04.2022ж. |
«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бас маманы А.Джалгасбаева қала әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бойынша бас маманы А.Зайрова және ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді |
4 |
|
|
3. |
27.05.2022ж. |
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дөңгелек үстел өткізілді |
5 |
|
|
4. |
мақала |
17.06.22ж. |
Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша «Жаңаөзен» газетінің №24 (2096) басылымына мақала жариялады. |
|
|
5. |
телеарнаға шығу |
30.05.2022ж. |
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандары А.Калиева мен А.Қожанова мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызмет түрлері бойынша «Жаңаөзен» телеарнасына сұхбат берді. |
0 |
|
6. |
|
25.05.2022ж. |
«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы А.Молдабекова «Жаңаөзен» телеарнасына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша сұхбат берді. |
0 |
|
7. |
бейнеролик |
29.06.22ж. |
«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бейнеролик дайындады. |
|
|
8. |
Тәжірибе алмасу |
13.04.2022ж. |
«Қызылсай ауылы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Б.Кударкулов қалалық жер қатынастары бөліміне барып тәжірибе алмасты |
2 |
|
9. |
18.04.2022ж. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің бас маманы Н.Болатов қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлерімен тәжірибе алмасты. |
3 |
|
|
10. |
13.05.2022ж. |
«Теңге ауылы әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы Г. Сүйіндік қалалық жер қатынастары бөліміне барып тәжірибе алмасты |
2 |
|
|
11. |
Онлайн жәрмеңке |
18.05.2022ж. |
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында Қызылсай ауылы әкімдігі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша онлайн жәрмеңке өтті. |
5 |
|
12. |
жиналыс |
22.04.2022ж. |
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлерге (бөлім басшылары, бас мамандары) есептік мәліметтердің толтырылуы туралы онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. |
15 |
|
13. |
20.04.2022ж. |
«Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде негізсіз бас тартуларды болдырмау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес» ауыл әкімдіктерінің және қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мемлекеттік көсретілетін қызметтерге жауапты мамандары қатыстырылып ЗУМ арқылы жиналыс өткізілді. |
6 |
|
|
14. |
20.06.2022ж. |
1 тоқсанының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тарту жауаптарына жүргізілген талдау жұмысының қорытындысы мен Жобалық офистің «Құжат айналымын 30%-ға қысқарту», «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобаларына қатысты мәселелері туралы жиналыс өткізілді. |
22 |
|
|
15. |
22.06.2022ж. |
Қ. Жайлының төрағалығымен «Мұнайшы» МҮ-нің кіші залында қалалық қоғамдық кеңес отырысында а.ж. 1 тоқсанының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасалды. |
9 |
|
|
16. |
Семинар оқыту |
13.04.2022ж. |
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандарына «Е-лицензиялау» АЖ-ін қолдану тәртібі бойынша оқыту семинарын өткізді. |
40 |
|
17. |
05.05.2022ж. |
Қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Т.Сариев, қоғам белсендісі Н.Темірбаев және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мемлекеттік мекеме мамандарымен Пресс-конференция өтті. |
17 |
|
|
18. |
28.06.22ж. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бойынша мамандарымен «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ-нің мамандарына «Е-лицензиялау» АЖ бойынша оқыту семинары жүргізілді. |
5 |
|
|
19. |
Барлығы |
18 |
|
145 |