Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 04 ақпандағы №10-15-293 ұсынысы негізінде, Жаңаөзен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігініңі 2018 жылғы 02 сәуірдегі №167 (нормативтік құқықтық актілерлі мелекеттік тіркеу Тізімінде №3575 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 мамырында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Бекова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Байжановқа жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.