Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №876 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Маңғыстау облысының әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 12 наурыз 2020 жылғы №05-10-591 ақпараттық хаты негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №876 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2919 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда  «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Танатов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Ізғалиевке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                                                                                    М. Ибағаров                                                                                                                                                                        

 

 

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №876 «Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
18 марта 2020