«Жаңаөзен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 98 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Жаңаөзен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»  Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 

      03 наурыздағы № 98 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Жаңаөзен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын  бекіту туралы» 2022 жылғы 03 наурыздағы №98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №27330 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

         Жаңаөзен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

         11- тармақ келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін, шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін Бөлім бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.».

  1. «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б.Изгалиевке жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімі                                                        А.Қосуақов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 03 наурыздағы № 98 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
27 мая 2022