План мероприятий по итогам встречи акима Мангистауской области Ногаева Н.А. с населением города Жанаозен

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша жасақталған ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шара атауы

Мерзімі

Жауапты

Шешу жолдары

Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер

1.          

1.1.   Қоғамдық көлік мәселесі

(Қызылсай ауылының тұрғындары - Утепова Нұргүл,

Бесінбаева Жания,

Адилов Оразалы,

Темирбаев Нурболат )

 

1.2.Қызылсай ауылына «Каспий Банк» терминалдарын, банкоматтарын қою мәселесі

(Утепова Нұргүл)

10.04.2022 ж.

Б.Ізғалиев

Ғ.Байжанов

Ю.Коккозов

Е.Тілеубайұлы

Р.Абишаев

1.1. Әлеуметтік маңызы бар деп танылған маршруттардың барлығына тиісті кәсіпкерлерді жұмылдырып, барлық маршруттардың қалыпты қызмет етуі, маршрут қызметі сапасының артуы, субсидияға қажетті қажетті қаражаттардың кешіктірілмей толыққанды бөлінуі қамтамасыз етілсін;

 

1.2. Ауыл бойынша «Каспий» терминалдары, банкоматтарының санын арттыру шаралары ұйымдастырылсын;

 

2.          

Қызылсай ауылының мектебіндегі оқушылардың сыйымдылығы мәселесі

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Ускимбаев Бакытжан,

Темирбаев Нурболат)

 

01.09.2024 ж.

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Қ.Гафаров

Ы.Құлатай

Р.Абишаев

Ауыл халқының санының өсу, балалардың туу динамикасын ескере отырып, мектептің сыйымдылығын арттыру қажеттілігі туындауына қарай жобалық - сметалық құжаттама әзірлеу, құрылысын салуға бағытталған шаралар алынсын;

3.          

Су тұщыту зауытының құрылысы туралы

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Өтелген Алиев,

Темирбаев Нурболат)

01.11.2023 ж.

Б.Ізғалиев

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ

Тоқмақ жеріндегі өнімділігі тәулігіне 50 000 текше метр теңіз суын тұщыландыру зауытын салу жұмыстарының қаржыландырылуы, құрылысының жүруі, пайдалануға берілуі бақылауға алынып, тиісті салалық министрліктермен және  «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлікте жұмыстар жасалсын;

 

4.          

Әбдіразақ әулиеге, Шолы әулиеге қатқыл табанды жол төсеуге техникамен көмек сұрау туралы

(Адилов Оразалы)

01.10.2022 ж.

Б.Ізғалиев

Ю.Коккозов

Р.Абишаев

Әбдіразақ әулиеге, Шолы әулиеге  қатқыл табанды жол төсеу үшін өндірістік мекемелермен кездесу ұйымдастырып, іс-шара жоспарын жасақтап, қажетті құрылыс материалдарының, техниканың санын нақтылап, тиісті жұмыстар ұйымдастырылсын;

 

5.          

Көше жарығы мәселесі

(Темирбаев Нурболат)

01.09.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

Р.Абишаев

Ауылдың көше жарығына техникалық қызмет көрсету жұмыстары аясында кезең-кезеңімен бюджет қаражатын бөле отырып, жоспарланған жұмыстар жүргізілсін;

 

6.       

Ауылдық амбулаторияға Рентген аппаратын сатып алу

01.07.2022 ж.

Ж.Аймағанбетов

С.Танаева

Р.Абишаев

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес флюорография құрылғысымен қамтамасыз ету пысықталсын;

7.       

Қызылсай ауылында Өрт сөндіру депосын салу

01.07.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

Н.Аймышев

Р.Абишаев

Жобалық-сметалық құжаттамасыны  әзірлеуді аяқтап, сараптама қорытындысын алып бюджеттің қаржыландыруына ұсынылсын;

8.       

Қызылсай-Жаңаөзен автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу

01.10.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

Р.Абишаев

Әзірленген сметалық құжаттамаға қаражат бөлу үшін тиісті салалық министрлікпен пысықталсын;

9.       

Ауылішілік автокөлік жолдарын салу

жоспар бойынша

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

Р.Абишаев

Қызылсай ауылішілік автокөлік жолдарын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қажетті қаражат алдағы бюджет нақтылауларында бөлінсін;

10.   

Қызылсай ауылында спортзал ғимаратын салу

01.09.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

К.Турткулова

Р.Абишаев

Ангар типтес спорт залдың әзірленген жобалық-сметалық құжаттамасын қаржыландыру үшін тиісті салалық министрліктерге бюджеттік өінім беріліп, пысықталсын;

 

Теңге ауылының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер

11.   

Ауылдағы балалар ойын алаңшасы мәселесі

(Теңге ауылының тұрғындары -Жантлеуова Узим, Мұхамедқалиев Амангелді)

 

01.12.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

Теңге ауылы әкімінің аппаратына бөлінген бюджет қаражатының шегінде және мүмкіндігіне қарай, демеушілердің бөлетін қаражаттарының шегінде жүзеге асыру жұмыстары ұйымдастырылсын;

12.   

2006 жылы берілген жер учаскесі газ желісінің санитарлық қорғау аймағында жатуына байланысты кері қайтарылып алынды. Кері қайтарып алған жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру туралы

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

С.Дербисов

Қ.Гафаров

Н.Гумарова

С.Қалаубаев 

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жер кодексінің талаптарына сәйкес, қажетті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілгеннен соң азаматтарға ұсынылуы ұйымдастырылсын;

13.   

№11 орта мектебі мен А.Жұбанов көшесіне дейін жарық шамдарын орнату

(Мұхамедқалиев Амангелді)

01.12.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

Көшелерді жарықтандыру жұмыстары  жарықтандыру учаскелерінің басым бағыттары айқындала отырып, бөлінген бюджет қаражаты шегінде жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылсын;

 

14.   

11,7 шақырым автокөлік жолының  құрылысына қажетті қаражаттың бөлінуіне қолдау көрсету туралы

(Ақжігітов Шәріп)

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

С.Қалаубаев

Әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы қаржыландыру үшін  тиісті бюджеттік өтінім енгізілсін, қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етіп, автокөлік жолының сапалы салынуын ұйымдастырсын;

 

15.   

15.1.  Шағын аудан аумағында жер асты суларының шығуы, сорғылардың жасамауы туралы

 

15.2.  Жаяу жүргіншілер жолының салынуы

(Кармысова Гулбану, «Бостандық» ш/а тұрғыны)

01.10.2022 ж.

 

 

 

 

 

01.12.2022 ж.

 

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

15.1. «Бостандық» шағын ауданындағы жерасты суын соратын сорғылық станциялардың техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүйелі тұрде ұйымдастырылсын, дренаждық жүйені әр жеке үйдің айналасынан жүргізу мүмкіндіктері мен тетіктеру туралы тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілсін;

 

15.2. Жаяу жүргіншілер жолдарын салу бөлінген бюджет қаражаттарына сәйкес басым бағыттары айқындала отырып, кезең-кезеңімен жоспарлы түрде сапалы жүзеге асырылуы қамтамасыз етілсін;

 

16.   

Каспий және Home банктерінің банкоматтарын орнату

 

01.08.2022 ж.

Ғ.Байжанов

Е.Тілеубайұлы

С.Қалаубаев

Ауыл бойынша «Каспий» терминалдарының санын арттыру шаралары ұйымдастырылсын;

 

17.   

Теңге ауылының емханасына қажетті жалпы тәжірбиелі                         2 дәрігер мәселесін шешу

01.07.2022 ж.

Ж.Аймағанбетов

С.Танаева

С.Қалаубаев

Тапшы дәрігерлерді шақырту, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;

 

18.   

Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тас карьерінің тарихи орнын қалпына келтіру (рекультивация)

01.09.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

С.Дербисов

А.Таңатов

С.Қалаубаев 

Карьердің бір бөлігін құрылыс қалдықтарын төгетін полигон ретінде рәсімдеп, ішіндегі рұқсатсыз төгілген тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау жұмыстары ұйымдастырылсын;

 

19.   

Теңге ауылына көше жарық шамдарын орнату

 

 01.12.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

Ауылдың көше жарығына техникалық қызмет көрсету жұмыстары аясында кезең-кезеңімен бюджет қаражатын бөле отырып, жоспарланған жұмыстар жүргізілсін;

20.   

№14 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу

01.09.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

Ы.Құлатай

С.Қалаубаев

Әзірленген жобалық сметалық құжаттама аясында бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім енгізілсін;

21.   

Теңге ауылының «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» (ПДП) жасақтау

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Ғ.Байжанов

Н.Дүйсембаев

С.Дербисов

С.Қалаубаев 

Қолданыстағы сәулет және қала құрылысы заңнамасы аясында жұмыстары ұйымдастырылсын;

22.   

Бүлінген жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

01.07.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

Ауыл ішіне жаяу жүргіншілер жолын салу абаттандыру жұмыстарының аясында бөлінген бюджет қаражаты шегінде жүзеге асырылсын;

Теңге ауылы әкімшілігі ғимаратын қарау барысында көтерілген мәселелер

23.   

Теңге ауылы әкімшілігіне жаңа ғимарат салу

 

01.12.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

С.Қалаубаев 

Жасақталып жатырған жобалық сметалық құжаттаманы аяқтап, сараптама қорытындысы алынып, құрылысын қаржыландыруға тиісті бюджеттік өтінім енгізілсін;

 

Рахат ауылының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер

24.   

«Мерей» шағынауданында құрылысы жүргізіліп жатырған                 50 орындық отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысын жедел аяқтау мәселесі

(Аманов Тоқберген - Рахат ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы)

01.06.2022 ж.

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Қ.Гафаров

С.Танаева

Ө.Табынчаев

Рахат ауылы «Мерей» шағын ауданының 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарланған мерзімінде сапалы аяқталып, пайдалануға берілсін;

 

25.   

Қала және ауыл ішінде «Инватакси» қызметін жетілдіру мәселесі

 

01.07.2022 ж.

Ж.Аймағанбетов

Ұ.Орынбаева

Қала және оған іргелес ауылдарда сұраныстың артуына байланысты «Инватакси» санын көбейту шаралары ұйымдастырылсын;

 

26.   

«Мерей» шағынауданы №61 көшеден №78 көшеге дейін автокөлік жолы және жаяу жүргінші жолы құрылысын салу

 

(Рахат ауылының тұрғыны - Есиркепов Абидулла)

 

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

Ө.Табынчаев

Автокөлік жолдарынының құрылысын салу әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған жобаларлы кезең-кезеңімен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылсын;

 

27.   

«Ақсу» шағынауданында орналасқан №3 Емханаға жетіспейтін мамандарды қызметке шақыру

01.08.2022 ж.

Ж.Аймағанбетов

С.Танаева

Ө.Табынчаев

Тапшы дәрігерлерді шақырту, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;

28.   

«Мерей» шағынауданына жалпы ұзындығы  17,84 шақырым болатын автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау

01.10.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Ю.Коккозов

Н.Гумарова

Ө.Табынчаев

Қолданыстағы заңнама аясында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге бюджет қаражатын бөлуге бюджеттік өтінім егізіліп, кезең-кезеңімен жобалауға қажетті қаражаттар бөлінсін;

29.   

«Ақсу» шағынауданы, №18 орта мектепке 288 орындық қосымша жапсаржай ғимараты құрылысын салу

01.09.2022 ж.

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Қ.Гафаров

Ы.Құлатай

Ө.Табынчаев

Әзірленіп жатырған жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, бюджеттен қаржыландыруға ұсынылсын;

30.   

Рахат ауылы, «Мерей» шағынауданының көше жарық бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

01.10.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

Ө.Табынчаев

Рахат ауылы, «Мерей» шағынауданының көше жарығына жөндеу жұмыстарын жүргізу қолданыстағы заңнама аясында бюджет қаражаттарының шегінде жасалып, ұйымдастырылсын;

 

Кендірлі ауылының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер

31.   

Кендірлі ауылы, «Жұлдыз» шағынауданының Дәулеткерей (29) көшесінің тұрғын үйге жүргізілген электр желісі қуатын жеткілікті деңгейге көтеру мәселесі (Рахманова Мереке., Кендірлі ауылы, «Жұлдыз» ш/а., Дәулеткерей (29) көшесі, №6 үй тұрғыны)

 

01.05.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

М.Үйсенов

Кендірлі ауылының тұрғын үйлерінің тұрақты, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілуіне бағытталған жұмыстар ұйымдастырылсын, жасалуы қажет жұмыстардың сметалары жасалып, қаржыландыруға ұсынылсын;

 

32.   

32.1.  Кендірлі ауылының ішіне жаяу жүргінші жолдары құрылысын салу мәселесі

 

32.2.  Көше жарықшамдарын жаңарту және жұмыспен қамту бойынша шараларды қабылдау

(Кендірлі ауылының тұрғыны - Айтқалиев Еламан)

 

01.10.2022 ж.

 

 

 

 

01.10.2022 ж.

 

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

М.Үйсенов

32.1. Кендірлі ауылішілік жаяу жүргіншілер жолын салу, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарының іс-шарасы аясында бөлінген бюджет қаражаттарының негізінде және автомобиль жолдарының құрылысын салу барысында ескеріле отырып жүзеге асырылсын;

 

32.2. Кендірлі ауылының көше жарығының сапасын арттыру және оған техникалық қызмет көрсету жұмыстарының аясында бөлінген бюджет қаражатының негізінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылсын;

 

33.   

Балалар және спорт алаңшалары құрылысын салдыру

(Кендірлі ауылының тұрғыны - Тулесинов Сандибай)

 

01.12.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

М.Үйсенов

 

Абаттандыру жұмыстарының аясында бөлінген бюджет қаражаты шегінде және демеушілердің қаражаттарын пайдалана отырып, жоспарлы түрде аса қажетті участкелерге балалар және спорт алаңдарын салу жұмыстары ұйымдастырылсын;

 

34.   

Кендірлі ауылындағы спорт зал құрылысы

 

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

К.Турткулова

М.Үйсенов

Әзірленген жобалық сметалық құжатт бойынша құрылысты қаржыландыруға бағытталған жұмыстар ұйымдастырылсын;

35.   

Кендірлі ауылындағы ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

01.10.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Ж.Аймағанбетов

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

С.Танаева

М.Үйсенов

Кендірлі ауылындағы ауысымына                   50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, бюджеттік өтінім жасалып, қаржыландыруға ұсынылсын;

36.   

Кендірлі ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы

01.12.2023 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

М.Үйсенов

Әзірленіп жатырған жобалық-сметалық құжаттаманы толық көлемде аяқтап,  мемлекеттік сараптама қорытындысын алынсын, одан әрі қаржыландыру үшін тиісті бюджеттік өтінімдерді енгізу қамтамасыз етілсін;

37.   

Кендірлі ауылындағы автокөлік жолдарының құрылысы «Жұлдыз» ш/а Саура (№24) және Сұлтан Бейбарыс көшелері (№30) 9,8 шақырым

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

М.Үйсенов

Автокөлік жолдарының  құрылысына жасақталып жатырған жобалық-сметалық құжаттамалардың аяқталып, сараптама қорытындысын алып, қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімнің берілуі қамтамасыз етілсін;

38.   

Кендірлі ауылының «Жұлдыз» ш/а тұрақты электр энергиясы кернеуімен қамту үшін қосымша желілер мен трансформаторлар орнату

01.08.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

А.Таңатов

М.Үйсенов

Жүргізілетін жұмыстардың сметасы жасалып,  қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімнің берілуі қамтамасыз етілсін;

39.   

Ауыл көшелеріне ұзындығы                          7,2 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу

01.09.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

А.Таңатов

М.Үйсенов

Жаяу жүргіншілер жолын салу абаттандыру жұмыстары аясында бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде жүзеге асырылсын;

Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесуінде көтерілген мәселелер

40.   

40.1.  Жаңаөзен қаласында интеллектуалды мектептердің салынуы мәселесі

 

40.2.  «Болашақ сарайы» салыну мәселесі

 

01.09.2022 ж.

 

 

 

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Ж.Аймағанбетов

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Қ.Гафаров

Ы.Құлатай

40.1.     Қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік заңнамасы аясында жеке кәсіпкерлердің инвестициясы есебінен салыну қажет мектептердің қажеттілігін, мектеп құрылысы салынатын орындарды анықтап, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы және білім басқармасымен бірлікте жұмыстар ұйымдастырылсын;

 

40.2.     «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ бірлесіп Жаңаөзен қаласының аумағынан (бұрынғы «Ару ана» қонақ үйінің орнынан) заманауи оқушылар сарайының құрылысын салу жұмыстары ұйымдастырылсын;

 

41.   

Теңге ауылындағы бірнеше газ құбырлары жер асты жолдарымен кеткен, соның қауіпсіздігі мәселесі

 

(Аймұрат Қойжанов)

 

01.10.2022 ж.

Б.Ізғалиев

А.Таңатов

С.Қалаубаев

Газ құбырларына қолданыстағы газ құбырлары желісіне уақытылы техникалық қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, олардың қауіпсіз пайдаланылуы қамтамасыз етілсін;

 

42.   

Қызылсай ауылындағы мунипицалды тұрғын үйлердің қайта қалыпқа келтіру жұмыстары

 

(Нұрболат Темірбаев)

01.12.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

А.Таңатов

Р.Абишаев

Қызылсай ауылындағы муниципалды үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеп, оларды сараптама қорытындыларын алып,  қаржыландыру көздерін шешу арқылы ұйымдастырылсын;

 

43.   

Жұмыссыздық мәселесі. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктері үшін өндірістерді оқшаулау жолымен Жаңаөзен қаласында жұмыс орындарын құру

жоспарға сәйкес

Н.Худибаев

Ж.Аймағанбетов

Ғ.Байжанов

Н.Гумарова

Ұ.Орынбаева

Е.Тілеубайұлы

«Өзенмұнайгаз» АҚ

Маңғыстау облысының әкімдігімен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен және салалық министрліктермен бірлесіп өндірістерді оқшаулау тетіктері пысықталып, жұмыстар ұйымдастырылсын;

44.   

Ауыз су тапшылығын шешу мақсатында Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистралды құбыржолы бар, қуаты  тәулігіне

50 000  текше метр теңіз суын тұщыту зауытын салу

01.11.2023 ж.

Б.Ізғалиев

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Кендірлі демалыс аймағы Тоқмақ жеріндегі өнімділігі тәулігіне                          50 000 текше метр теңіз суын тұщыландыру зауытының жобалық-сметалық құжатамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптама қорытындысын алып және құрылыс жұмыстарының басталып-аяқталып, зауыттың пайдалануға берілуі ерекше бақылауға алынып, уәкілетті органдармен, мүдделі тараптармен тиісті жұмыстар ұдайы жүргізілсін;

 

45.   

Жаңа газ өңдеу зауытын салу (қуаты жылына 885-1000 млрд.м3)

 

01.03.2024 ж.

Н.Худибаев

Ғ.Байжанов

Н.Гумарова

 

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының                            2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында зауыт құрылысының жоспралы мерзім ішінде салынып, іске қосылуына бағытталған жұмыстар ұйымдастырылсын;

46.   

Жаңаөзен қаласында медицина саласы бойынша кадр тапшылығы

01.08.2022 ж.

Ж.Аймағанбетов

С.Танаева

Тапшы дәрігерлерді шақырту, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылсын;

 

47.   

Қаланың тыныс тіршілігін қалыпты деңгейде қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету

01.06.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

А.Таңатов

Коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі жұмыстар жасау үшін жұмыстардың сметалық есептері дайындалып, бюджет өтінімін жасалып тапсырылсын;

48.   

Тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу

01.06.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

С.Мұхаммедов

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтер меншік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, несие қаражаттары шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстары ұйымдастырылсын;

49.   

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты елді мекендерде автомобиль жолдарының құрылысын салу

01.10.2022 ж.

Н.Худибаев

Б.Ізғалиев

Н.Гумарова

Ю.Коккозов

 

Әзірленген және әзірлену барысындағы жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша сараптама қорытындыларын алып, тиісті бюджеттік өтінімдер жасалып, қаржыландыруға ұсынылсын.

 

 

 

План мероприятий по итогам встречи акима Мангистауской области Ногаева Н.А. с населением города Жанаозен
Дата публикации
05 апреля 2022