ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, Е-R-1, 1 бірлік, «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маман, E-R-4, 1 бірлік (уақытша бос орын, 2022 жылғы 28 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне) жалпы конкурска бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурсқа қатысқан үміткерлердің ұсынған құжаттарын қарау, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша, Бірыңғай конкурс комиссиясы ашық дауыс беру жолымен, Шешім қабылдады:
- Дуйсембаев Нурлан Ержанович кандидатурасы «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымына ұсынылсын.
- Өскембаева Перизат Бақытқызы кандидатурасы «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маман (уақытша бос орын, 2022 жылғы 28 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне) лауазымына ұсынылсын.