Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үйді толық сатып алу үшін қолдануға ниетті

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үйді толық сатып алу үшін қолдануға ниетті

 

 

2021 жылдың 11 тамызындағы  жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 386 375 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,7 трлн теңгеден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – шамамен 4,4 млн теңге.

Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (16,7%), Маңғыстау облысының (14,8%), Нұр-Сұлтан қаласының (12,9%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімдері).

Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады. Орындалған өтініштердің едәуір бөлігі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (орындалған өтініштердің жалпы санының 95,3%), одан әрі «Қазақстан Халық банкі» АҚ (3,8%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (0,9%),  «Altyn Bank» АҚ (0,03%) және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ (0,01%) арқылы берілді.

Салымшылар біржолғы зейнетақы төлемдерін көбінесе тұрғын үйді толық сатып алу үшін қолдануға ниетті
Дата публикации
06 сентября 2021