Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 17 қарашадағы № 3/16 және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5464 «Жаңаөзен қаласының шағынаудандары мен көшелеріне ат қою туралы» бірлескен шешімі мен қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
1- тармағы аталған бірлескен шешім мен қаулының төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«солтүстігі Астана шағынауданы, оңтүстігі өндірістік базаға баратын теміржол, батысы Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім «№ 13 дарын-мектеп лицей», шығыс жағы «Өзенинвест» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны баратын автокөлік жолымен шектелетін аудан (бұрынғы бейресми атауы Астана-2 шағынауданы)- Бәйтерек шағынауданы».
2.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекетік мекемесі (Л.Мұхтахиева) осы бірлескен шешім мен қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетовке жүктелсін.
4.Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы |
|
|
Қала әкімі |
М.Ибагаров |
|
Қалалық Мәслихат хатшысы |
Т.Мусаев |