АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12,8 триллион теңгені құрады
2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.07.2020 жылдан бастап 01.07.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 992 миллиардтан аса теңгеге немесе 8% өсті.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 331,5 млрд теңге (өсім 18%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,8 млрд теңгеге жетті.
2021 жылдың алты айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 811,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 286,8 млрд теңгеге немесе 55%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,6%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 602,2 млрд теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20%), МКЗЖ бойынша 27,3 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 299 млн теңге (өсім 39%) аударылды.