АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында БЖЗҚ салымшылары
20 миллионнан астам қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері 01.01.2021-01.07.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 20,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,1% көп.
Электрондық форматта 15,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74,4% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар
Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 2,95 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 14,5% тең.