Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы №1 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1 қосымшада:
№ 71 сайлау учаскесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 71 сайлау учаскесі
Орталығы: Жаңаөзен қаласының Теңге ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қалаласы бойынша білім бөлімінің «№11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.