БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ 124 Рахат ауылы әкімінің аппараты 2021-2023 жылдарға арналған

«Рахат ауылы әкімінің аппараты» ММ                 

2021 жылғы 28 шілдедегі           

                                                                                                                      № 98 н/қ  өкіміне 1 қосымша

 

БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ
124 Рахат ауылы әкімінің аппараты

2021-2023 жылдарға арналған

 

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы

001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы

Табынчаев О. Р.

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі

- 2014 жылғы 22 желтоқсандағы Маңғыстау облысының әділет басқармасында тіркелген №754-1943-07-ММ, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы №857 қаулысымен бекітілген «Рахат ауылы әкімінің аппараты» ММ ережесі

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы       № 95-IV Бюджет Кодексі;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзіне-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы  25 желтоқсандағы №121-VI Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы   №416-V Заңы;

- «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 ҚР Үкіметінің қаулысы;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы          31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 04.12.2015ж. №434 Заңына  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ҚР Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №739 бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысы;

- «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің   2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1003 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №776 бұйрығы;

- Рахат ауылы әкімінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы                                      № 04 «2021 - 2023 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» шешімі

- Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 23 шілдедегі                            № 6/57 Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 54/583 «2021-2023 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне және Рахат ауылы әкімінің 2021 жылғы                             27 шілдедегі № 123 «2021-2023 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 54/583 шешімін іске асыру туралы» Рахат ауылы әкімінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы                                             № 04 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі

Бюджеттік бағдарламаның түрі

Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің құрамында бекітілетін

Мазмұнына қарай

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

Іске асыру түріне қарай

Жеке

Ағымдағы/даму

Ағымдағы

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты

Шығындар бойынша әкім аппаратына бөлінген қаражаттың толықтай атқарылуы; тікелей нәтижелерге қол жеткізе отырып бюджет қаражатын уақтылы игеру; бюджетті атқару бөлігінде қызмет сапасын арттыру.

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі)

Мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауға жүктелген қызметтерді нәтижелі жүргізуге жағдайлар жасау үшін әкім аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

БЮДЖЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ 124 Рахат ауылы әкімінің аппараты 2021-2023 жылдарға арналған
Дата публикации
06 августа 2021