Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 654 миллиард теңгеден асты

Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы

654 миллиард теңгеден асты

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 12,7 триллион теңгеден асты. Бәрімізге белгілі, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі бес айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 654,2 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өту маңызды. Бұл өткен жылдың бес айымен салыстырғанда 155 млрд теңгеге немесе 31% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 5,3%, ал инфляция 3,5% болды. Соңғы 12 айда инфляция 7,2%, кірістілік 11,7%  көрсетті.

Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 654 миллиард теңгеден асты
Дата публикации
12 июля 2021