Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы аумағынан
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ауыл және мал шаруашылығын жүргізу үшін 10 жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 5 жылға беру бойынша 2021 жылдың 23 тамызы күні уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі КОНКУРС өткізілетінін хабарлайды.