Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 17 миллионнан аса қызмет алды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 17 миллионнан аса қызмет алды

 

            Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері тек бес ай ішінде, яғни 01.01.2021-01.06.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 17,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%  көп.  

Электрондық форматта 13,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы үш есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 2,6 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 14,5%  тең.

Салымшылар 1,1 миллионнан аса қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 115 173 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 458,8 мың қызметке (немесе 69,9% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 5 айында пошта операторының бөлімшелерінде 6 798 қызмет көрсетілді, ол өткен жылмен салыстырғанда үш есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 17 миллионнан аса қызмет алды
Дата публикации
29 июня 2021