Жаңаөзен қаласы бойынша 2022-2024 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы

Жаңаөзен қаласы бойынша 2022-2024 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының

тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі                                 «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Жаңаөзен қаласы және  іргелес елді мекендерінің   2022-2024 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласының әкімі М. Ибағаровқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласы бойынша 2022-2024 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы
Дата публикации
15 июня 2021