Көше атауын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Теңге ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 6 мамырдағы қорытындысы негізінде, Теңге ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Теңге ауылының Достық даңғылынан бастап Ахмет Жұбанов көшесіне дейінгі ұзындығы 2,76 км шақырымды құрайтын, Әліби Жангелдин және Фетисов есімдерімен аталған орталық көшесі «Әлихан Бөкейхан көшесі» атауымен қайта аталсын.
- «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бас маман – заңгер Г. Сүйіндік) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теңге ауылының әкімі С. Калаубаев