Жаңаөзен қаласы әкімінің 2020 жылы есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2020 жылы есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

 

№ р/с

 

Іс - шаралардың атауы

 

Орындау мерзімі

 

Орындауға жауапты

1.      

Денсаулық сақтау саласындағы тапшы мамандарды шешу бағытында, Жаңаөзен қаласына қажетті мамандар тізімін әзірлеп, оларды өңірге тұрақты жұмысқа шақыру мәселесін қолға алу, оларға әлеуметтік жағдайларын шешу үшін, баспана (немесе жатақхана) мәселесі мен әлеуметтік қолдау пакеттерін қарастыру;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасарлары А.Нұрдәулетов, Б.Изгалиев

 

Қалалық көпбейінді аурухана директоры М.Сарыев

2.      

Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында, 50 төсек орындық стационары бар медициналық орталықтың құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес аяқтау үшін, жобалық сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама қорытындысын алу, құрылысты жоспарға сәйкес аяқтауды қамтамасыз ету;

 

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

Қ.Гафаров

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Е.Утеев

3.      

Жаңаөзен қаласында орналасқан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құрал жабдықтарына түгендеу жүргізіп, қажеттілігіне қарай құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету үшін, жол карта әзірлеп, шаралар қабылдау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасарлары А.Нұрдәулетов

 

Қалалық көпбейінді аурухана директоры М.Сарыев

4.      

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тозығы жеткен тұрғын үйлерді «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында күрделі жөндеуден өткізу үшін (жер төледен бастап шатырына дейінгі күрделі жөндеу), жобалық сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық немесе жергілікті бюджетке ұсыныстар енгізу;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Таңатов

 

Қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы С.Мұхаммедов

5.      

Жаңаөзен қаласының тұрғындарын Ақтау қаласына орналастыру жұмыстарын толық аяқтау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Таңатов

6.      

Жаңаөзен қаласына беріліп отырған ауыз су көлемін (30 000 м3 ауыз су), жаз мезгілінде жеткілікті деңгейге жеткізу мақсатында, ауыз су көлемін ұлғайту үшін шаралар қабылдау, қажеттілігіне қарай, іргелес орналасқан елді мекендерге арнайы су қоймаларының (резервуар) құрылысын салуға ұсыныстар енгізу, жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға қаржы бөлуге ұсыныс енгізу;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Таңатов

7.      

Жаңаөзен қаласында ауыз су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында, Жаңаөзен қаласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған Кешенді дамыту жоспары аясында, «Кендірлі» аумағынан өнімділігі тәулігіне 50 мың м3 құрайтын су тұшыту зауыты құрылысының жобалық – сметалық құжаттамасының жасақталуы мен құрылыс жұмыстарын бақылауға алу;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасарлары С.Сейдалиев, Б.Изгалиев

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Таңатов

8.      

Қала және оған іргелес орналасқан ауылдарда жолаушылар тасымалындағы ескірген шағын автобустардың (газельдер) орнына жаңа автобустар сатып алу мақсатында, оларды жаңарту үшін, жер қойнауын падаланушы компаниялармен келіссөздер жүргізу, шаралар қабылдау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Коккозов

9.      

Жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында, Жаңаөзен қаласының жастарын облыс орталығына жұмысқа тарту, оларды арнайы оқытып, іс тәжірибеден өткізу және тиісті жатақханалармен қамтамасыз ету шаралары қабылдау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

А.Нұрдәулетов

 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Т.Шаудирбаев

10.          

Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту және қолдау мақсатында, тиісті заңдылықтар аясында аукциондар ұйымдастыра отырып, кәсіп ашуға ниет білдірген азаматтарға жер бөлуді қамтамасыз ету;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасарлары С.Сейдалиев, Ғ.Байжанов

 

Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

Ж.Бекова

 

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Баймағамбетов

Қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы М.Уйсенов

 

11.          

Маңғыстау облыстық филиалы «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, бөлінген бір типті сауда нүктелерін белгіленген 30 жерді кәсіпкерлерге бөлу шараларын қабылдау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасарлары С.Сейдалиев, Ғ.Байжанов

 

Қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Ж.Бекова

 

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Баймағамбетов

 

Қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы М.Уйсенов

 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Жаңаөзен қалалық филиалының директоры Н.Алпамысов

 

12.          

Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы сорғы станциясының күрделі жөндеу жұмыс жобасын іске асыру;

 

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Таңатов

 

Қызылсай ауылының әкімі

Р.Абишаев

13.          

Теңге ауылы, Д.Нұрпейсова көшесіне «Көше жарық шамдарын» орнатуға сметалық құжаттама жасақтап, қаржыландыруға ұсыныс енгізу;

 

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Гафаров

 

Теңге ауылы әкімі

С.Қалаубаев

 

14.          

Рахат ауылы, Рахат шағынауданының Жемісті (6-шы), Лалагүл (7-ші), Алмалы (8-ші), Көкорай (9-шы), Самал (10) көшелерін жарықтандырудың жобалық – сметалық құжаттамасын аяқтау, құрылысына қаражат бөлу жөнінде ұсыныс енгізу;

 

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Гафаров

 

Рахат ауылы әкімі

О.Табынчаев

 

15.          

Рахат ауылы, «Ақсу», «Жұлдыз», «Мерей» шағынаудандарына балалар ойын алаңшаларын салу;

 

2020 жыл

Рахат ауылы әкімі

О.Табынчаев

16.          

Рахат ауылы, «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарында қоғамдық көлікке арналған аялдамалар орнату;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Коккозов

 

Рахат ауылы әкімі

О.Табынчаев

 

17.          

Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимаратының және «Өзенмұнайгаз» АҚ мекемесінің арасындағы бос жер орынға «Оқушылар шығармашылық үйі кітапханасымен бірге» ғимаратының құрылысын салуға жобалық – сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптам қорытындысын алу, құрылысына қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінім ұсыну, құрылысын бастау;

2020 жыл

Қала әкімінің орынбасары

Б.Изгалиев

 

Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Гафаров

 

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2020 жылы есепті кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары
Дата публикации
25 февраля 2020