Маңғыстау облысының жер көлемі 16564,2 мың гектарды құрайды, оның ішінде, Жаңаөзен қаласының көлемі 51549,0 гектарды құрайды (0,3%).
Ішкі жұмыстар бойынша:
2021 жылдың 5 айы бойынша жер қатынастары бөліміне жалпы 1564 өтініш келіп түсті. Оның ішінде, қала әкімдігімен – 295 (Жт-199, Зт-96); ауыл әкімдігімен – 93; ХҚКО арқылы – 6; жер бөліміне – 31 (Жт-30, Зт-1); басқа мемлекеттік органдардан – 1139 өтініш келіп түскен.
Әлеуметтік желі бойынша: INSTAGRAM және FACEBOOK әлеуметтік желілерінде 1721-ге жуық басылым жарияланып, 1890 адам тіркеліп, 100-ге жуық пікір қалдырылды.
2020 жылдың қортындысымен «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың «Еститін үкімет» тұжырмдамасы аясында халықпен кері байланыс орнатып, әлеуметтік желіде белсенділік танытқаны үшін қала әкімінің алғыс хатына ие болды.