Мүгедектерді жұріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
  2. Арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады.
  3. Техникалық көмек мүгедектердi бөлмеде жүріп-тұруға және (немесе) серуендеуге арналған кресло-арбалармен (бұдан әрі – кресло-арбалар) қамтамасыз етуден тұрады.
Мүгедектерді жұріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
Дата публикации
07 июня 2021