3-тарау. Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету тәртібі
1-параграф. Техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарға тапсырыстарды ресімдеу және оларды беру тәртібі
- Мүгедектер техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен өтініштер және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сай әзірлеген ОЖБ негізінде қамтамасыз етіледі.