Машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Машиналарды мемлекеттiк тіркеу қағидалары
Дата публикации
07 июня 2021