Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидалары

Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.11.2020 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидалары

      ____________________________________________________________________

      (қала, елді мекен)

      (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидалары
Дата публикации
07 июня 2021