Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерімен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерімен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
- Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
- Осы қаулының 4 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында жүгері, балмұздақ, алкогольсіз сусындармен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерінің маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
- Осы қаулының 5 қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында кваспен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.