Жаңаөзен қаласының әкімінің аппараты, оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 2020 жылы 12 айдың талдамалы анықтамасы
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларда нормативтік актілер мен жұмыс процестеріне талдау жүргізуді көздейтін, 2020 жылға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, қала әкімінің аппараты, оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Маңғыстау облысының әділет басқармасына 8 нормативтік құқықтық актінің жобасы келісуге ұсынылды, 6 акт мемлекеттік тіркеуге жолданып, тіркеуден өтті, ал 2 акт келісуден пысықтау қажеттілігі үшін қайтарылды.
Маңғыстау облысының әділет департаментіне қала әкімдігінің 8 нормативтік құқықтық актісі келісуге жолданды, 1 акт мемлекеттік тіркеуден өтті, 1 акт пысықтау үшін қайтарылып, кемшіліктер жойылып, келісуге қайта ұсынылды.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы әділет департаментінде тіркелген 10 нормативтік құқықтық акт қолданыста.
ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №90н/қ және 2020 жылдың 06 наурыздағы №17н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №90н/қ «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы» өкімдерімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2020 жылы 6 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізілді.
Ішкі бақылау жүргізілген нысандар:
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі» ММ
- «№8 орта мектеп» КММ
- «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
- «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны –95, оның ішінде:
Ұсынымдар саны – 19, оның ішінде:
Орындалғаны – 19.
- «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ.
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 68.
- ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 8;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 19;
Барлығы 2020 жылы 6 (2019ж. – 18) ішкі бақылау шаралары өткізіліп, 95 (2019ж. – 254) кемшіліктер анықталды. Сонымен қатар, ішкі бақылау шаралары нәтижесімен 2020ж. 19 ұсыным (2019ж. – 57) беріліп, орындалды.
қала әкімі аппаратының және оған қарасты мемлекеттік органдардың «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бос орындарын болдырмау мақсатында ішкі және жалпы конкурстар жарияланып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 35 конкурс өткізілді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша бос және уақытша бос орындарға 21 жалпы конкурс өткізіліп барлығы 30 конкурсант құжаттар тапсырып, әңгімелесу қорытындысы бойынша 15 мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымға тағайындалды. Өткізілген жалпы конкурстарға байқаушылардың қатысу үлесі 100% құрады.
«Жаңаөзен қалаласы жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын қалалық атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың» комиссиясының құрамы бекітілді және де аталған әдістемеге сәйкес, қалаға қарасты мемлекеттік мекемелердің 105 мемлекеттік қызметшілерінің жеке жұмыс жоспарлары бекітілді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 105 мемлекеттік қызметші «тиімді» болып бағаланды.
Қалаға қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарынан өткізу бойынша жоспар бекітілді. Соның ішінде 12 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өту жоспарланып жыл қорытындысы бойынша 11 мемлекеттік қызметші өтті.
Ал біліктілік арттыру бойынша 35 мемлекеттік қызметші жоспарланып жыл қорытындысы қорытындысы бойынша 39 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.
4.Ұйымдастыру-бақылау бөлімі.
2020 жылдың басынан қала әкімінің қатысуымен 137-ге жуық жиын (25 селекторлық кеңес және т.б.) тиісті деңгейде ұйымдастырылып, хаттамалары уақытылы рәсімделіп, 468 тапсырма берілді. Нақты орындалғандары 379, ал 89 тапсырмаға тұрақты және үнемі бақылау жасалынып отыр.
Қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерден іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарының тоқсан бойынша (желтоқсан) орындалысы БАҚ және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсына жарияланды.
Ағымдағы жылдың қаңтардың 10 күні ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутатарының сайлауы өтті. Сайлаушылардың тізімі жаңартылды.
Қалалық терроризмге қарсы комиссиясының 4 отырысы және комиссия жанынан құрылған жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді.
Қала аумағында азаматтық қорғаныс саласындағы республикалық, жергілікті деңгейдегі штабтық оқу-жаттығуларын өткізу бойынша облыс әкімімен бекітілген 2020 жылға арналған жоспар негізінде азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығуларының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша 9 оқу-жаттығу өткізілді. Оның ішінде 2 РКШОЖ (Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу), 7жергілікті деңгейдегі оқу-жаттығулар.
Өтініштердің көп бөлігі мынадай мәселелерді қамтиды:
тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 1144 (30,9%);
Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер – 2518 (68,1%);
Жыл басынан қала әкімі аппаратында 1008 жеке және заңды тұлғалар өкілдері қабылданған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45,1 %-ға азайған (2019 жылы 2233 адам жеке қабылдауда болған).
Қала әкімінің жеке қабылдауында 427 тұрғын, қала әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 581 тұрғын болды.
Қайталанып келген өтініштердің басым көпшілгі баспана және жұмыспен қамту бойынша, материалдық көмек сұрау мәселелері болып отыр.