2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшін 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның ішінде: - зейнет жасына толуға байланысты – 69,8 млрд теңге;
- мүгедектігі бар жандарға – 1,8 млрд теңге;
- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 50,5 млрд теңге;
- мұрагерлік бойынша – 27,9 млрд теңге;
- жерлеуге байланысты – 3,2 млрд теңге;
- өмірді сақтандыру бойынша ұйымдарға – 56,9 млрд теңге
- басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге төленді.
Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем – 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төленді. Бұл жерде өсім сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екі есе жоғары – 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп – былтырғы жылы зейнетақы аннуитетін алу үшін міндетті зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бірге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкіндігі туындады.