«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                 2017 жылғы «03» 07 № 414

                                                                                  қала әкімдігінің қаулысымен

                                                   бекітілген                                                                               

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ 

 

  1. Жалпы ережелер
  2.   «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – бөлім) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы болып табылады. 
  3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, әкім аппараты ғимараты.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  13. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
06 января 2020