Жаңаөзен қаласының
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
2018 жылы «15» 06 №373
«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегі атауымен мөрi және мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланктерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған актiлермен рәсiмделетiн шешiмдерді қабылдайды.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
- Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 1 А құрылысы, «Неке сарайы» ғимараты, индекс: 130200.
- Мемлекеттiк органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел физической культуры и спорта».
- Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
2
- Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
- «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.