«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің   
                       2018жылғы «04» маусым

                 № 353 қаулысымен  
         БЕКІТІЛГЕН     

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» заңнамамен қарастырылған шегінде басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзырлығына жататын қызмет аясында міндеттерді орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»:

1) «Жаңаөзен қала әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық  мемлекеттік            мекемесіне қатысты мемлекеттік басқару    органы;

  1. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік

мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  қазынашылық органдарында шоттары болады.

  1. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  3. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  4. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.
  5. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, құрылыс 25 Б.
  6. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  7. Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» құрылтай құжаты болып табылады.

Құрылтай құжатқа өзгертулер мен толықтырулар қала әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

  1. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен және нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е
Дата публикации
06 января 2020