«Рахат ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  2018 ж. «09» шілде № 417

                                                                                                                       Жаңаөзен қала

әкімдігінің қаулысымен

                                                                                                                             Бекітілген

 

 

 

«Рахат ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауыл әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын Жаңаөзен қаласы әкімдігі бекітеді.
  7. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  8. Заңды тұлғаныңорналасқан жері: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Рахатауылы, Мерей шағынауданы, Шоғы батыр көшесі, 160А ғимарат.
  9. 9. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Жаңаөзен қаласы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  10. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  11. «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне «Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

 

«Рахат ауылы әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
06 января 2020