2017 жылғы «03» 07 № 414
қала әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Бөлім) қаланың коммуналдық мүлігін басқаруға және бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлім бюджетті орындау өкілетті орган болып табылады және бюджеттік ақшаларды басқарады, бюджет шығындарының орындалуын жүзеге асырады және бюджеттік мониторинг жүргізеді.
Бөлім коммуналдық мүлік нысандарына иелік ету, пайдалану және билік ету бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыру және коммуналдық мүлік обьектілерін мақсатты және тиімді пайдаланылуына есеп және бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру жолымен коммуналдық мүлікті басқарады.
- Бөлім өз қызметін Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Жаңаөзен қаласы, Сатпаев көшесі, ғимарат 1.
- Мемлекеттік органның толық атауы – «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
- Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
- Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.