Жаңаөзен қаласыәкімдігінің
2018 жылғы «04» маусым
№ 358 қаулысымен бекітілген
«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесікәсіпкерлік және ауыл шаруашылығысалаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік органы болып табылады.
2.«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтікқұқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттіктілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтыққатынастарға өз атынан түседі.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес осығануәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынаназаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіөз құзыретінің мәселелерібойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, №1 ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде -«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел предпринимательства и сельского хозяйства».
10.«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңаөзен қалалық әкімдігі болып табылады.
- Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқызметін қаржыландыружергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінекәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінезаңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісінежіберіледі.