Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018жылғы «10» 04 № 199
қаулысымен бекітілген
«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық-саяси және ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарғаөз атынан түседі.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, К. Сәтпаев көшесі 1 ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде - «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде – Государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел внутренней политики».
- Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.