|
2017 жылғы «15» мамыр № 241 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
|
|
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
|
|
|
|
1. Жалпы ережелер
|
|
1. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді және тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. |
|
2. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері не, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. |
|
3. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. |
|
4. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. |
|
5. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіп басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. |
|
6. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. |
|
7. |
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, №1 ғимараты. |
|
8. |
Мемлекеттік мекеменің толық атауы – мемлекеттік тілде: «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. орыс тілінде: Государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел жилищной инспекции» . |
|
9. |
Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. |
|
10. |
Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. |
|
11. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. |
|
12. |
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. |
|
|
Егер «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.
|