|
2019 жылғы «28»_қаңтар № 60 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
|
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
|
|
1. Жалпы ережелер
|
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. |
|
Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағын ауданы, 25 Б құрылыс |
|
Мемлекеттік мекеменің толық атауы: мемлекеттік тілде: «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі. орыс тілінде: Государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел жилищно-коммунального хозяйства». |
|
Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. |
|
Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. |
|
«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.
|