Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «08» 05
№ 243 қаулысымен бекітілген
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
- Жалпы ережелер
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жаңаөзен қаласы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130200, Жаңаөзен қаласы, Жалын шағынауданы, №25 Б ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Жанаозенский городской отдел земельных отношений».
- Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Ережеге өзгерістер толықтырулар енгізу Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулысы мен жүзеге асырылады.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- Жұмыс режимі «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.