«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Е Р Е Ж ЕС І

                                                                                                 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

                                                                                                 2018 жылғы_15.06_________

                                                                                           №_374  қаулысымен бекітілген

 

 

«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Е Р Е Ж ЕС І

  1. Жалпы ережелер

 

1.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемесінің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлер мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемес егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қ. Сәтпаев көшесі, 1 А құрылыс.

9.Мемлекеттік органның толық атауы – мемлекеттік тілде «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.

11.Осы Ереже «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

«Жаңаөзен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Е Р Е Ж ЕС І
Дата публикации
06 января 2020