«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С I

                                                                                     Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

                                                                                     2018 жылғы 04 маусым 

                                                                                     № 355 қаулысымен                                                                                                                                                

                                                                                   бекітілген

 

 

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

Е Р Е Ж Е С I

 

  1. Жалпы ережелер
  1. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласының бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес қызметін жүзеге асырады.
  3. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
  4. Жаңаөзен қаласының әкімдігі «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  5. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық –құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
  7. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер мен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орнласқан жері: Қазақстан Республикасы, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, К. Сәтпаев көшесі, ғимарат 1.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі»

2

мемлекеттік мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Е Р Е Ж Е С I
Дата публикации
06 января 2020