Теңге ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Теңге ауылы №4 26.03.2021 жыл
Теңге ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар мүшелерінің ең төменгі жалпы саны: 94 адам
Қатысқандар: 71 адам
Жергілікті қоғамдастық жиналысын ауыл әкімі С. Қалаубаев ашты.
Жиналысқа қатысушылар ашық дауыс беруі арқылы, ауыл ардагерлері ұйымының төрағасы Қосаман Жайлы жиналыстың төрағасы, Достанов Орынбек жиналыс хатшысы болып сайланды.
Күн тәртібінде:
Күн тәртібіндегі мәселе жергілікті қоғамдастық жиналысының қатысушыларымен бір ауыздан бекітілді.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жиналыс төрағасы Қ. Жайлы, көше атауын өзгерту, оған қазақ ардақтыларының бірі, «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың есімін беру туралы депутат Ш. Ақжігітовтың ұсынысын тұрғындарға жеткізіп, өз тарапынан мәселеге қатысты кеңінен тоқталып, түсінік беріп өтті.
Сөйлегендер:
Суетов Мұхамбетберді (Мұнайшы) – Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жан-жақты мәлімет бере келіп, -Теңге ауылының орталығында орналасқан Әліби Жангелдин және Фетисов көшелерінің атауын өзгерту туралы ұсынысты өте орынды деп, есептеймін, сонымен қатар, осы көшеге қазақтың біртуар ұлы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың есімін беруді құптаймын деді.
Бауыржан Бердібайұлы (Қоғам белсендісі) – Фетисов пен Әліби Жангелдин есімдеріне қатысты деректер айта келіп, олардың Кеңестік жүйе кезіндегі мыңдаған адамдардың елден босып кетуі мен аштықтан қырылуына себепші болған қызыл террорға қатысы бар екенін еске салды, әрі осы тұлғалардың есімдері мен аталған көшенің атауын өзгертіп, Әлихан Бөкейхан есімін беруді қолдайтынын білдірді.
Суиесбаев Абдибек (Еңбек ардагері) – Теңге ауылының орталық бөлігінде орналасқан көшенің Ұлы тұлға, ардақтымыз Әлихан Бөкейханов атымен аталуын қуана қолдаймын.
Жиналыс төрағасы Қ.Жайлы, Теңге ауылының орталығында орналасқан Әліби Жангелдин және Фетисов есімдерін қосарлана иеленген көшенің атауын өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салды.
Жиналысқа қатысушылар аталған ұсынысты бір ауыздан қолдап дауыс берді.
Қарсы немесе қалыс қалушылар болған жоқ.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешім етті:
Жиналыс төрағасы Қ. Жайлы
Хатшы О. Достанов