Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылы қаңтар-наурыз айларына АҚПАРАТ

Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылы 17 қазандағы №390н/қ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 62 қызмет түрлері, оның ішінде 54 электронды қызмет түрлері бекітілген.

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2021 жылы қаңтар-наурыз айларында (бұдан әрі - есептік кезең):

  • Көрсетілген қызмет түрі – 41, оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 14, мемлекеттік корпорация – 20, портал – 30.
  • Көрсетілген қызмет саны – 7 643, оның ішінде оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 1 426, мемлекеттік корпорация – 2 167, портал – 4050.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – наурыз айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 7, оның ішінде мақала – 2, дөңгелек үстел – 1, бейнеролик  – 1, телеарнаға шығу – 2, жиналыс – 1. Қамтылған адам саны – 30.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау

бойынша қаңтар-наурыз айларында өткізілген іс-шаралар

 

         ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы  №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнамасының  және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 1 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 1:

- «Жаңаөзен қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны –1, оның ішінде:

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген  құжаттарды талап ету фактілері – 1.

Ұсынымдар саны – 4, оның ішінде:

Орындалғаны – 4.

 

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылы қаңтар-наурыз айларына АҚПАРАТ
Дата публикации
08 апреля 2021