Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №05-10/7186-И ұсынысы негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №311  «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3612 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 мамырда «Жаңаөзен» газетінде жарияланған);

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы №289 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы №311 «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3889 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

  1. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ы.Құлатай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
07 апреля 2021