ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН
ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Жаңаөзен - 2019 жыл
МАЗМҰНЫ
1.БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ…….........................................................................................4-5
2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ............................................................................................6-8
2.1.Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау………………............................................9
2.1.1.бағыт. кономика……………………………………………….…..……...…............................9-10
2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика…………………………………….….…....…....................................10
2.1.1.2. Өнеркәсіп және инвестициялар ……………………….…….…….......................................10-13
2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен…………………………..................................................................14-17
2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда………………………………………….............................17-21
2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала.................................................................................................................21
2.1.2.1. Білім беру……………………………………..……….…………………..........................…21-31
2.1.2.2. Денсаулық сақтау……………………………………..………………………......................31-35
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау………………………………….…......................35-43
2.1.2.4. Мәдениет спорт және туризм .………………………...........................................................43-45
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт………………………………………..…….....................….45-47
2.1.2.8. Ішкі саясат……………………………………………………………........................……....47-49
2.1.2.7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп…………………......................…..................49-52
2.1.2.8.Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу…….……….……......................52-55
2.1.3. бағыт. Инфрақұрылым………………………………………....................................................55
2.1.3.1. Байланыс және коммуникациялар………………………………………….........................55-56
2.1.3.2. Құрылыс…………………………………………………………………….....................…..56-58
2.1.3.3. Жолдар және көлік…………………………………………………………..........................58-62
2.1.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық…………………………........................................62-73
2.1.4. бағыт. Экология және жер ресурстары……………………………….…................................73
2.1.4.1. Қоршаған ортаны қорғау........................................................................................................73-76
2.1.4.2. Жер ресурстары…………….…………………………………………………......................76-78
2.1.4.3. Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар ……..............................................................78-85
3.1. бағыт. Экономика…………………..……………………………………….....…..........................86
3.1.1. Өңірлік макроэкономика……………………………………………………….......................…..86
3.1.2. Өнеркәсіп және инвестициялар .…………………..................................................................86-87
3.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен…………………….........................................…................................87-88
3.1.4. Шағын және орта бизнес............……………………................................…............................88-89
3.2. бағыт. Әлеуметтік сала....................................................................................................................89
3.2.1. Білім беру…………………………………….…………...........................................................89-91
3.2.2. Денсаулық сақтау…………………………………….…………………..…............................91-93
3.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…………………....................……...........................93-94
3.2.4. Мәдениет спорт және туризм .....……………………………..................................................94-95
3.2.5 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп................................................................................96
3.3. бағыт. Инфрақұрылым....................................................................................................................97
3.4.1. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы.…..………………….....................97-98
3.4. бағыт. Экология және жер ресурстары........................................................................................98
3.4.1. Қоршаған ортаны қорғау................................................................................................................98
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................................................99
|
Атауы |
Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы |
|
Әзірлеуге негіздеме |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» № 790 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық кономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» №64 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығымен бекітілген «Көрсеткіштердің базалық тізбесіне» сәйкестікке келтіру және оңтайландыру бойынша қайта жасақталды. |
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Облыс қарауындағы Жаңаөзен қаласы 1968 жылы құрылған. Жалпы қаланың аумағы 0,515 мың шаршы км. 2019 жылдың 10 айы бойынша барлық халқының саны 153,1 мың адамды құрады немесе облыс халқының 22,4% құрайды. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық – 150 шақырымды. Жаңаөзен қалалық әкімшілігінің құрамына Теңге ауылы (тұрғындарының саны 23,7 мың адам), Қызылсай ауылы (7,4 мың адам) және Рахат ауылы (40,9 мың адам) кіреді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 192,3 млрд.теңгені құрады, облыстық көлемдегі үлес салмағы 9,0%. |
|
Бағыттар |
Экономика Әлеуметтік сала Инфрақұрылым Экология және жер ресурстары |
|
Мақсаттар |
Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру. Өнеркәсіп өнім көлемін ұлғайту, қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыру үшін жағдай құру Шағын және орта бизнесті дамыту, бөлшек сауда көлемін арттыру Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, жастар саясатының тиімділігін арттыру Қала халқының денсаулығын нығайту Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру Халық үшін мәдениет саласы қызметтерінің жалпыға бiрдей қолжетімділігін қамтамасыз ету Құқықтық тәртіпті және өңірдің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Құрылыс саласының, оның ішінде тұрғын үй құрылысының дамуына жәрдемдесу Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны жақсарту |
|
Нысаналы индикаторлар |
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны мен көлемі; Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі; Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі; Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілген қызметтердің) нақты көлемінің индексі; Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі; Бөлшек сауданың НКИ Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны; Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту; 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар 1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар Жұмыссыздық деңгейі; Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі; Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі; Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі; 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны Кітапханаға келушілер саны; Театрларға келушілер саны; Концерттік ұйымдарға келушілер саны; Мұражайларға келушілер саны; Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі; Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту; Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы; Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы; Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі; Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету; Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету; Қаладағы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету; Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету; Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі аудандық және қалаішілік маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі; Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі. |
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты. Қаржыландыру көлемі: 2016 жыл – 4 889 128,0 мың теңге; 2017 жыл – 5 704 206,7 мың теңге; 2018 жыл – 5 570 843,8 мың теңге; 2019 жыл – 11 207 322,0 мың теңге; 2020 жыл – 12 004 972,8 мың теңге; Барлығы: 39 376 473,3 мың теңге. |
Өңірдің жалпы сипаттамасы.
Алпысыншы жылдары Өзен кен орнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ ССР Жоғары Совет Президиумының Қаулысымен Гурьев облысы құрамында Өзен ауданы құрылып, Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.
1968 жылдан 1992 жылға дейін қаланың атауы Новый Узень болған, 1992 жылдан бастап – Жаңаөзен.
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау түбегінің континенталды бөлігінде Маңғышлақ үстіртінде орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласынан кейінгі екінші қала. Облыс орталығынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ара қашықтық – 150 шақырым. Теңіз жағасынан 60 шақырым қашықтықта. Жері тастақ, төңірегі кеңістік, жазық дала.
Облыстық бағыныстағы Жаңаөзен қаласының аумағы 0,515 мың шаршы километрді, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің халқының саны 2019 жылдың 10 айы бойынша 153,1 мың адамды (2018 жылы – 151,1 мың адам, 2017 жылы – 147,9 мың адам), облыс бойынша халық санының 22,4% құрады, 2017 жылмен салыстырғанда табиғи өсімнің 3,2 мың адамға немесе 2,2 пайызға өсті
Жаңаөзен қаласының әкімшілік-аумақтық құрамына Теңге ауылы (тұрғындарының саны 23,4мың адам), Қызылсай ауылы ( 7,4 мың адам) және Рахат ауылы (40,9 мың адам) кіреді.
Жер қабатының және өсімдік сипаты бойынша барлық аумақ шөлейтті-дала аймағына жатады. Тұщы судың су үсті көздері және су асты қойнаулары қала аумағында жоқ. Тұщы су үш көзден келеді – ұзындығы 1050 шақырым. Қиғаш-Маңғыстау су құбыры бойынша Волга суы және Түйесу мен Сауысқан кен орындары.
Транспорттық орналасуы бойынша Жаңаөзен қаласын - темір жол желісі бойында, халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қалалар тобына қосуға болады. Теміржол қатынасына қызмет көрсету бойынша жаңа өндіріс орындарын құруға және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ететін «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жаңаөзен моноқаласы экономикасының перспективалы экономикалық мамандануының негізгі бағыты - мұнай мен газ өндіру болып қала береді.
Жаңаөзен қаласын дамытудың басты мақсаты онымен Маңғыстау облысының және болашақта республикалық деңгейдегі индустриалдық желінің стратегиялық мұнай-газ өндіру аймақтарының өнеркәсіптік және сервистік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып келеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын әрі қарай дамытуға кедергі жасайтын маңызды проблемалардың бірі - ауыз суының және суаруға арналған судың көлемінің жеткіліксіздігі болып келеді. Егер қалаға қызметтің жаңа бағыттарын дамыту және өңірдің нақты «тірек нүктесін» түбегейлі өзгерту тағайындалған болса, онда таяудағы жылдарда стратегиялық басымдылық қаланың сумен жабдықтау және канализация, демалысты басқару, ірі мегаинфрақұрылымдылық көліктік жобалар, қаланың экологиялық проблемаларын шешу, жаңа өндірістер үшін кадрлар дайындау, қала брендін жақсарту және қызмет көрсету мәдениетін арттыру сияқты өмірлік маңызы бар жүйелерін модернизациялау болады.
Халық санының ықшамдауын есепке алумен, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатырған құрылыс саласындағы өзгерістерді іске асыру мақсатында Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспары қайта жасақталып, Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімімен мақұлданып, облыстық мәслихаттың шешімімен 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілді.
Жаңа Бас жоспардың мақсаты: халық санының өсуін ескеру, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру, жасыл-желектерді көбейту.
Қаланың Бас жоспарына сәйкес, қаралған жер ресурстары таусылды деуге болады және бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді бөліп беру мүмкіндігі жоқ екендігі айқын.
Демографиялық әлеуеті. Халық санының динамикасы: 1991 жылы 57,6 мың адам, 2000 жылы 66,0 мың адам, 2005 жылы 79,4 мың адам, 2010 жылы 118,7 мың адам, 2014 жылы – 136,4 мың, 2015 жылы – 140,6 мың адам, 2016 жылы – 144,7 мың адам, 2017 жылы – 147,9 мың адам, 2018 жылы – 151,1 мың, 2019 жыл 10 ай бойынша 153,1 мың адамды құрады.
Халық санының бұрынғы жалдардағы негізгі өсімі ТМД елдерінен келген оралмандардың санынан болған. Соңғы жылдары халық саны табиғи өсімі негізінде қарқындап өсуде. Жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді. Жаңаөзен халқының жекелеген этностары бойынша саны 2019 жылдың басына 151 098 тұрғынның: 149 092 қазақтар (98,7%), 1088 орыстар,
27 әзербайжандар, 10 украиндар, 90 лезгиндер, 65 татарлар, 1 армяндар, 11 чечендер, 48 корейлер, 271 қарақалпақтар, 223 өзбектер, 48 қырғыздар, 13 осетиндер, 6 удиндер, 185 басқа да ұлттар.
|
Көрсеткіштер |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 жыл |
|
Жаңаөзен қаласы бойынша халық саны |
136,4 |
140,6 |
144,7 |
147,9 |
151,1 |
|
- қала тұрғындары, адам |
111,0 |
113,1 |
84,5 |
81,4 |
82,1 |
|
- ауыл тұрғындары, адам |
25,4 |
27,1 |
60,2 |
66,5 |
69,0 |
|
Туылғандар саны |
4 508 |
4 494 |
4 340 |
4 345 |
4 029 |
|
Туу коэффиценті |
34,05 |
32,52 |
30,42 |
29,70 |
29,45 |
|
Өлгендер саны |
526 |
596 |
543 |
501 |
519 |
|
Өлу коэффиценті |
4,02 |
4,17 |
3,81 |
3,42 |
3,79 |
|
Халықтың табиғи өсімі |
3 982 |
3 898 |
3 797 |
3 844 |
3 813 |
|
Табиғи өсім коэффиценті |
30,03 |
28,35 |
26,61 |
26,28 |
26,38 |
|
Көшіп келгендер, адам |
2 835 |
1 599 |
2 249 |
7 319 |
4514 |
|
Көшіп кеткендер, адам |
1 093 |
1 287 |
1 911 |
7 959 |
5147 |
|
Сальдо, (+,-) |
+1 742 |
+312 |
+338 |
-640 |
-633 |
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.1.1 бағыт. Экономика.
2.1.1.1 Өңірлік макроэкономика
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту – Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасын, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары іске асырылуда.
Бағдарламалар аясында қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған және де қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, белсенді шағын кәсіпорындардың санын көбейту, жаңа жұмыс орындарын құру, күнкөріс және жұмыссыздық деңгейін төмендету, апаттық тұрғын үйлердің санын азайту күтілуде, сондай - ақ инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Жаңаөзен моноқаласының әлеуеттік дамуы – орта. Мамандырылуы – кен өндіру өнеркәсібі.
Өңірлік макроэкономика бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
оралмандардың және Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрғындардың келуі есебінен халықтың миграциялық өсімінің жоғарылығы; |
тұщы судың табиғи көздерінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық шектеулер; мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы;
|
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
мұнай-газ саласындағы, құрылыс индустриясындағы, туризмдегі кластерлік дамыту мүмкіндігі; өңдеу өнеркәсібін дамыту; ауыл шаруашылығын дамытуда тамшылатып суаруды, жылыжайлық өсімдік шаруашылығын енгізу; |
қаладағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі; азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты қаладағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері. |
Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:
өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;
өңірдің республиканың негізгі эконономикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;
өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
халық табысының жоғары саралануы.
2.1.1.2. Өнеркәсіп және инвестициялар
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2018 жылдың қорытындысымен 192,3 млрд.теңгені құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2018 жылы – 111,0%.
Өнеркәсіптің құрылымында негізгі үлесін 86,7%-ы – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу; 8,1%-ы - өңдеу өнеркәсібінің үлесі.
1-кесте. 2014-2018 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері
|
Салалар бойынша |
Өндіру көлемі, млрд. тенге |
НКИ, % |
Үлес салмағы,% |
|||||||||
|
2015ж |
2016ж |
2017ж |
2018 ж |
2015ж |
2016ж |
2017 ж |
2018 ж |
2015ж |
2016ж |
2017ж |
2018ж |
|
|
Барлығы |
123,0 |
120,3 |
161,6 |
195,8 |
94,9 |
88,5 |
118,7 |
103,7 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
100,0 |
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
107,9 |
102,4 |
138,9 |
169,8 |
94,8 |
87,5 |
121,3 |
117,2 |
87,7 |
85,1 |
86,0 |
86,7 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
8,1 |
8,3 |
11,8 |
15,9 |
88,7 |
97,1 |
111,4 |
103,9 |
6,6 |
6,9 |
7,3 |
8,1 |
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа балтау және сумен жабдықтау |
2,8 |
4,3 |
5,5 |
5,5 |
83,1 |
81,4 |
115,0 |
97,5 |
2,3 |
3,6 |
3,4 |
2,8 |
|
Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
4,2 |
5,3 |
5,4 |
4,7 |
122,5 |
97,2 |
85,8 |
100,3 |
3,4 |
4,4 |
3,3 |
2,4 |
Мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС болып табылады. Осы кәсіпорындар арқылы шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ, газ тәріздес жағдайдағы табиғи газ, ілеспе газ өндіріледі.
«Өзенмұнайгаз» АҚ-да 9 089 қызметкерлер еңбек етеді. 2018 жылы орташа айлық жалақы 820 280 теңгені құрады (2017 жылы – 677 315 теңге). Тауарлы өнімінің көлемі 2018 жылы 631,2 млрд.теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 11,4 %-ға өсті (2017 жылы - 451,9 млрд.теңге).
«ӨМГ» АҚ-ның мұнай бұрғылау скважиналары Қарақия ауданының аумағында орналасқандықтан, өндірілетін шикі мұнайдың 90,0%-ға жуығы осы аумақтың есебіне тіркеледі.
«Қазақ газ өңдеу» ЖШС-де 973-тей қызметкерлер еңбек етеді. 2018 жылы орташа айлық жалақы 642 414 теңгені құрады (2017 жылы – 582 605 теңге). Тауарлы өнімінің көлемі 2018 жылы 16,4 млрд.теңгені құрады, 2017 жылмен салыстырғанда 13,5%-ға өсті (2017 жылы - 12,1 млрд.теңге).
2 кесте. Шикі мұнай мен газ өндіру көлемі.
|
Атауы |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 ж |
|
«Өзенмұнайгаз» АҚ арқылы өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна |
5 328,1 |
5 510,4 |
5 554,9 |
5 480,1 |
5480,1 |
|
Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна (статистика) |
468,3 |
475,4 |
467,7 |
478,8 |
552,9 |
|
Жаңаөзен қаласы бойынша газ конденсаты, мың тонна (статистика) |
9,2 |
9,1 |
9,2 |
8,1 |
6,3 |
|
Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген табиғи газдың көлемі, млн.текше метр (статистика) |
450,1 |
388,9 |
354,2 |
337,1 |
281,8 |
|
Сұйытылған газ, мың тонна
|
162,0 |
162,4 |
163,1 |
169,5 |
173,1 |
Өңдеу өнеркәсібін дамыту.
Қала бойынша кен өндіру өнеркәсібімен қатар, өңдеу өнеркәсібі де дамыған.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2014 жылы 14 459,0 млн.теңге (108,6%), 2015 жылы 8 140,0 млн.теңге (88,7%), 2016 жылы 8 246,0 млн.теңгені (97,1%), 2017 жылы 11 770,0 млн.теңге (111,4%), 2018 жылы 15870,9 млн.теңгені (103,9%) құрады. 2018 жылғы өнім көлемін 2017 жылмен салыстырғанда 13,5%-ға көбейген.
Өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп құрамындағы үлесі 2017 жылғы 7,3%-дан 2018 жылғы 8,1%-ға дейін өсті.
Өңірдің өңдеу өнеркәсібі - тамақ өнімдерін өндіру (сүт өнімдері), сусындарды өндіру, киім өндіру, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру болып табылады.
Тамақ өнімдері.
«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС қаймақ, кефир, сүт, сүзбе және тағы басқа сүт өнімдерін өндіреді. Осы салада 84 адам қызмет етеді.
4 кесте. Жалпы қала бойынша өнімдерді заттай көрінісінде өндіру
|
Өнім атаулары |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
2017 ж. |
2018 ж |
|
Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна |
61 |
27 |
17 |
45 |
52 |
|
Ірімшік және сүзбе, тонна |
10 |
120 |
22 |
17 |
18 |
|
Басқа сүт өнімдері, тонна |
1 779 |
1 501 |
1 781 |
1 673 |
1576 |
|
Сусындарды өндіру, мың литр |
1 589 |
3 548,5 |
1 591,8 |
2 828,7 |
2682,6 |
Жеңіл өнеркәсіп.
Саланың негізгі кәсіпорыны «Жанарыс» ЖШС тігін фабрикасы 1989 жылдан бері жұмыс жасайды. Кәсіпорын мұнайшыларға, құрылысшыларға, денсаулық саласының қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшыларына арнайы киімдер және басқа да тігін бұйымдарын жасап шығарады. Кәсіпорын арқылы өндірілген өнімнің көлемі 2018 жылы 1,3 млрд.теңгені құрады, осы салада 355 - адам жұмыс жасайды.
5 кесте. Өнімдерді заттай көрінісінде өндіру
|
Өнім атауы |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
2017 ж. |
2018 ж |
|
Ерлердің жұмыс киімдері, бірлік |
60 000 |
21 371 |
16 105 |
47 219 |
43 693 |
Құрылыс материалдарын өндіру.
Құрылыс материалдарын өндіру бойынша шығарылатын құрылыс материалдардың негізгі номенклатурасы – тас, табиғи құм, қиыршық тас, тауарлы бетон, темір бетон, бетон бұйымдары және тағы басқа да құрылыс материалдардың негізінен тұрады.
Құрылыс материалдарын өндіретін – «Теміртас-1» ЖШС-і. Тауарлы өнімдерінің көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 13,2 %-ға көбейген, мәселен 2015 жылы – 1 471,0 млн.теңге, 2016 жылы – 1 003,5 млн.теңге, 2017 жылы - 1 233,3 млн.теңге, 2018 жылы – 931,7 млн.теңге. Жұмыс жасайтындар саны 2015 жылы – 183 адам, 2016 жылы – 185 адам, 2017 жылы - 183 адам, 2018 жылы – 174 адам болды.
Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2014-2017 жылдарда айтарлықтай артуы; «Жаңаөзен - Түрікменстан мемлекеттік шекара» темір жолын пайдалануға беру есебінен көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы. |
өнеркәсіптің құрамындағы кен өндіру өнеркәсібінің үлкен үлесі (86,0%); мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамтымның аз үлесі (орташа 8%) |
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);
|
қаланың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі; өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі. |
Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:
Қаланың арнайы оқу орындары базасында еңбек нарығында талап етілетін кадрларды даярлауды ұйымдастыру;
Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;
Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына;
Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды),
Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының жеткізілуі.
Инвестициялар.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 2018 жылы 39 527,8 млн.теңгені (2017 жылы – 34 139,1 млн.теңге) құрады. Жалпы инвестициялардың басым көздері - шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылады, яғни 2018 жылға үлесі 94,1% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2018 жылы - 143,1 %, 2017 жылы – 154,6%, 2016 жылы - 89,1%, 2015 жылы – 70,4% құрады, 2014 жылы – 123,9%.
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі, млн.т. |
2014 ж |
2015 ж |
2016 ж |
2017 ж
|
2018 ж |
|
Барлығы (статистика): |
28 751 |
21 218 |
20 556 |
34 139 |
39 527,8 |
|
Мемлекеттік (бюджет қаражаты) |
4 982 |
3 990 |
1 810 |
852
|
3 124,7 |
|
Жеке (меншікті қаражаттар) |
23 265 |
17 069 |
18 746 |
33 286 |
36 403,10 |
|
Шетелдік |
504 |
159 |
- |
- |
- |
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі көлемі: өнеркәсіпте 2018 жылы – 69,3 % (2017ж. – 67,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын –25,6 % (2017 ж. – 29,4%), құрылыста – 0,1% (2014ж. – 1,4 %).
Инвестициялар бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемінің құрамындағы ең үлкен үлесі 80,6% - жеке қаражаттар.
|
Әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы және әлеуметтік салаға инвестициялар деңгейінің төмендігі; Құрылыс және басқа өнімдерді өндіру үшін мұнай-химиялық өнімдерден инновациялық өнімдерді шығарумен айналысатын шағын және орта кәсіпорындардың жоқтығы. |
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды тарту; Инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі; Жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндіктерінің болуына байланысты жұмыс бастылықтың өсу келешегі; Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру. |
Өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі; Қызметтің белгілі түрін көрсетуде заманауи технологияларды енгізудің төмен деңгейі. Жергілікті халықтың сапалы қызмет көрсету талаптарын толық қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.
|
Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар:
мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;
дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;
қала ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы.
2.1.1.3 Агроөнеркәсіптік кешен.
Жаңаөзен қаласының аграрлық секторының тапшылығы объективті факторларға байланысты. Оларға ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайсыз климаттық жағдайларды, сонымен қатар су ресурстарының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Қалада ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға және дамытуға табиғи-климаттық жағдайлар зор ықпал етеді. Қала аумағы биоклиматтың жағдайлар сипатына қарай шөлдік аймаққа жатады.
Ауылшаруашылық өндірісін негізінде тамшылатып суару жолын пайдалану арқылы қамтамасыз етумен, егіншілік шаруашылығын дамытудың келешек беталыстары суарылатын жер алқаптарын кеңейтумен, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруде озық су сақтау технологияларын пайдаланумен, жылыжай шаруашылықтарын құрумен, аграрлық секторды және ауыл халқын сумен қамтамасыз етуді жетілдірумен байланысты.
Жаңаөзен қаласының ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 2018 жылы 556,1 млн.теңгені, НКИ – 90,2 %.
|
Атауы |
2014ж |
2015ж |
2016ж |
2017 ж |
2018 ж |
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.теңге |
502,7 |
785,7 |
624,1 |
460,6 |
556,1 |
|
Нақты көлем индексі, % |
96,4 |
110,0 |
76,3 |
75,7 |
90,2 |
|
соның ішінде: |
|||||
|
Егін шаруашылығы, млн.теңге |
68,4 |
253,6 |
247,9 |
79,1 |
80,7 |
|
Нақты көлем индексі, % |
64,2 |
202,6 |
95,9 |
34,4 |
43,7 |
|
Мал шаруашылығы, млн.теңге |
434,3 |
523,8 |
367,8 |
373,3 |
475,4 |
|
Нақты көлем индексі, % |
104,2 |
95,6 |
65,8 |
102,8 |
114,2 |
Жаңаөзен қаласының жалпы жер көлемі 51 549,0 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жерлер 505,8 гектар (1,0%) оның ішінде жайылым алқабы – 325,8 гектар (64,4 %), егістік алқабы – 145,0 гектар (28,6%) көп жылдық екпелер – 15,0 гектар (3,0%), тыңайған жерлер – 20,0 гектарды (4,0%).
Мал шаруашылығы.
Жаңаөзен қаласының ауыл шаруашылығы мал мен құс етін, сиыр сүтін, жұмыртқа, қой жүнін өндіру сияқты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндірумен сипатталады. Негізінде қара түсті қаракөл қойлары, адай типтес жылқылар және түйелердің қазақ бактриан түрлері бар. Мал басының азаюының негізгі факторларының бірі құрғақшылықтың болуы.
Мал мен құстың 2014-2018
жылдардағы саны
|
Атауы |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 жыл |
|
Ірі қара мал |
474 |
260 |
254 |
379 |
344 |
|
Сиыр |
378 |
182 |
164 |
214 |
209 |
|
Қой мен ешкі |
6722 |
4826 |
3407 |
2857 |
2616 |
|
Жылқы |
2353 |
2121 |
1441 |
1459 |
2265 |
|
Түйе |
1311 |
1376 |
1427 |
1712 |
2306 |
|
Құс |
715 |
752 |
879 |
766 |
876 |
Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері:
|
Атауы
|
Өлшем бірлігі |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
2017 жыл |
2018 жыл |
2017жылдың кезеңіне,% |
|
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру |
|||||||
|
Мал мен құстың барлық түрлерінің тірі салмақта союға өткізілгені |
тонна |
674,4 |
697,4 |
393,5 |
401,9 |
436,7 |
109,0 |
|
Сауылған сиыр сүті |
тонна |
151,0 |
123,7 |
84,9 |
117,7 |
144,4 |
123,0 |
|
Алынған тауық жұмыртқасы |
мың дана |
52,1 |
56,5 |
51,1 |
70,1 |
70,1 |
100,0 |
|
Қойдан қырқылған жүн |
тонна |
16,9 |
12,9 |
10,3 |
6,0 |
6,1 |
102,0 |
|
Мал мен құстың өнімділігі |
|||||||
|
Бір сиырдан орташа сауылған сүт |
кг |
506 |
509 |
518 |
619 |
691 |
112,0 |
|
Бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы |
дана |
79 |
89 |
70 |
92 |
96 |
104,0 |
|
Бір қойдан қырқылған жүннің орташа шығымы |
кг |
2,2 |
2,2 |
2,2 |
2,2 |
3,1 |
141,0 |
2018 жылы қала бойынша барлық шаруашылықтағы мал басының саны 8616 (2017 ж – 7387 бас), оның ішінде: 912 бас (11,0%) (2017 ж – 848 бас) шаруа немесе фермер қожалықтары, 7704 бас (89,0%) (2017 ж – 6539 бас)жұртшылық шаруашылығында.
Бүгінгі күні азық-түлікпен қамтамасыз етудегі - Қазақстанның шекаралас орналасқан өңірлерден азық-түліктің әкелінуінен тәуелділігі негізгі мәселе болып қала береді, ауыл шаруашылық өнімнің 90 пайыздан астамы қалаға басқа өңірлерден әкелінеді. Жылыжай, жеміс сақтау орындарын салу сияқты жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылық өнімнің сырттан әкелу үлесін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өсімдік шаруашылығы.
Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады. Қызылсай ауылындағы «Төңірекшың ойы» егістік алқабында 2018 жылы 3 шаруа қожалығы 59 гектар егістік алқабын пайдаланып, 571 тонна өнім алынды.
Онда қарбыз, қауын, қырыққабат, қызанақ, баклажан, қияр, және т.б. егілді. Жер алқаптарын суару үшін су «Магистральды сауғызғы » ЖШС мекемесінің су құбырлары арқылы жеткізіледі.
Жеке кәсіпкерге және шаруа қожалықтарына «Тыңайтқыштар құнын субсидиялау» қағидасына сәйкес «ҚазАзот» ЖШС тыңайтқыш алуға 50% субсидия қарастырылған. Сонымен қатар «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметін субсидиялау» қағидасына сәйкес, су беруші табиғи монополия субъектісінен алған судың құнын 80% - ға субсидия жыл сайын беріліп келеді.
Жалпы қала бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 2015 жылы – 12, 2016 жылы – 14, 2017 жылы – 18, 2019 жылы -21.
Халықтың көпшілігі үшін ауыл шаруашылығымен айналысу өздерін жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі түрі болып табылады және отбасына табыс табу жолы болып табылады. Бұл жерді өңдеу және ауылшаруашылық жұмыстары қолмен атқарылатынымен, ауылшаруашылығы өнімін өндіру көлемінің аздығымен, соған байланысты техникаға деген қажеттіліктің аздығымен түсіндіріледі.
Өнімді қайта өңдеу.
Қалада өндірілетн өнімді қайта өңдеудің негізгі көлемі үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, өнім негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.
Қалада «Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС- нің сүтті қайта өңдеу цехтары жұмыс істейді. Кәсіпорын басқа аудандардағы қабылдау пунктерінен келетін сүтті қайта өңдеуді жүзеге асырады және олардан шұбат пен басқа да ашыған сүт өнімдерін өндіреді.
Зауыттың қуаттылығы айына 7,5 тоннадан 40 тоннаға сүт өніміне дейін артты. Қазіргі таңда кәсіпорында 71 адам жұмыс жасайды.
АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві; жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс және салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;
|
жайылымдарды суландырудың әлсіздігі; білікті кадрлардың жетіспеушілігі; саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы |
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту; мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;
|
саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі; ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің жоқтығы; мал басының, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы; шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі; шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы; |
АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:
өңірде жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;
өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем – шөп базасының жоқтығы;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
2.1.1.4 Шағын және орта бизнес.
Жаңаөзен қаласының дамуының басты бағытының бірі - шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласы болып табылады. 2014-2018 жылдары шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштер беталысы жыл сайын тиімді өсіп отырғаны байқалады.
Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі –ШОК) субъектілерінің саны 2018 жылы – 8584 ( 2017 жылы – 8 113) бірлікті құрады, бұл 2017 жылдың деңгейінен 5,8%-ға көп және 2016 жылдың деңгейінен 8,2%-ға жоғары.
Тіркелгендердің жалпы санындағы ШОК – тің белсенді субъектілерінің үлесі 2018 жылы 91,0% пайызды құрады, бұл 2017 жылдың деңгейінен сәл төмендеу байқалады.
ШОК – те жұмыспен қамтылғандардың саны 2018 жылы 21472 адамды құрады, 2016 жылмен салыстырғанда (20 989) 2,3%-ға немесе 483 адамға көп.
Кесте 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері
|
Көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018 ж. |
|
Тіркелген шағын және орта субъектілердің саны |
бірлік |
8 086 |
7 885 |
7 928 |
8 113 |
8584 |
|
Тіркелген белсенді ШОК субъектілерінің саны |
бірлік |
7 085 |
6 897 |
6 957 |
7 465 |
7813 |
|
ШОК жұмыспен қамтылғандар саны |
адам |
20 180 |
20 377 |
20 483 |
20 989 |
21472 |
|
Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлемінің үлесі |
% |
87,6 |
87,4 |
87,7 |
92,1 |
91,1 |
2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2020) іске асырылып келеді.
«БЖК-2020» бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары 108 жоба субсидияланып, 45 кредит бойынша кепілдендіру ұсынылды. Үш жыл ішінде барлығы 480 жұмыс орны құрылды.
Кесте 2. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында қолдау алған жобалар саны.
|
Колдау түрлері |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
|
3 бағыт бойынша субсидиялау |
24 |
44 |
40 |
|
Кепілдік |
5 |
27 |
13 |
|
Барлығы: |
29 |
71 |
53 |
Сондай – ақ, кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында қаламызда «Нұр Капитал» атты жаңа қаржылық құрал әзірленді. Бағдарламаның мақсаты экономиканың басым салаларындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беру және кредиттерді субсидиялау арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
«Нұр – Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында облыстық Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің жұмысшы тобының отырысында жалпы сомасы 1,3 млн.теңгені құрайтын 63 кәсіпкерлік жоба мақұлданды. Осы жобалардан алдағы уақытта 560 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
Аталған жобалардың ішінен 32 жоба екінші деңгейлі банктерден оң шешімін алып,қаражаттармен қамтамасыз етілуде. Қаражаты - 682,1 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 263 адам.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өндірістік аймақтан жалпы аумағы 30,0 гектар жер телімі бөлініп, 16,2 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Өндірістік алаңды СПК «Каспий» - ге беру бойынша барлық құрылтай құжаттар Маңғыстау облыстық қаржы басқармасына жолданылды.
Қазіргі таңда өндірістік алаңға орна ласу бойынша 39 кәсіпкерден ұсыныстар түсіп отыр. Оның ішінде жиһаз өндіретін цех, ті гін шеберханасы, әжетхана қағаз өндіру цехі, полиэтилен пакетін шығару цехтері және т.б.
Орналасатын кәсіпкерлер тізімі өндірілетін өніміне қарай жасақталуда және ниет білдіруші кәсіпкерлер мен тұрғындарға өз мақсаттарына сәйкес Бизнес – жоспарларымен келулері сұратылып, хабарлануда.
Сауда. Жаңаөзен қаласында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2015-2018 жылдары 25,0 млрд.теңгені құрады.
Кесте 1. Бөлшек сауданың НКИ.
|
Көрсеткіштер атауы |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018ж. |
|
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі млн.тенге |
2 044,3 |
4076,8 |
3940,4 |
47283,5 |
14506,8 |
|
Халықтың жан басына шаққанда бөлшек сауда көлемі, теңге |
15 311 |
29 438 |
27 621 |
323 121 |
97 033 |
|
Нақты көлем индексі, % |
23,5 |
188,7 |
82,1 |
11,1 есе |
28,4 |
|
Көтерме сауда көлемі, млн.теңге |
5 929,5 |
7 032,3
|
14 716,5 |
4 995,8 |
6 535,4 |
Қалада әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үдерісі басталды. 2018 жылдың аяғында Жаңаөзен қаласы бойынша 8 базар, сауда орындарының саны 1052 тіркелген.
Кесте 2. Қаладағы сауда базарының саны.
|
Қала |
Базар атауы |
Өлшемдігі |
|
Жанаозен |
Жібек жолы |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
Бокен-Жәнібек |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Шаңырақ базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Заңғар базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Ақмарал базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Теңге базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Мал базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
|
|
Қазына базары |
Шағын (0 ден 100 ад) |
2017 жылы экономикалық дағдарысқа байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру, бағаны бір қалыпты ұстау мақсатында 84 сауда орталықтарымен меморандумға қол қойылды. Ал 2018 жылы 42, 2019 жылы 40 сауда орталықтарымен меморандумға қол қойылды.
Қаламызда апта сайынғы негізде оның ішінде мереке күндері көтерме өнім берушілерден тікелей жеткізілетін азық түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.
Қаланың бір ерекшелігі сұйытылған газды, оның ішінде автомобиль көлігінің үлкен көлемде тұтынуы болып табылады. Жалғыз өндіруші – «ҚазГӨЗ» ЖШС-і. Зауыт ай сайын 15 мың тоннаға жуық газ өндіреді.
ШОК дамыту бойынша SWOT – талдау
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштерінің жақсаруы; Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту да әртүрлі бағыттарының болуы; Жаңаөзен қаласы әкімдігінің, МО «Атамекен» кәсіпкерлер Палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін жақсарту бағытында және «БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бағыттарына кәсіпкерлерді тартуда белсенді жұмыстануы; Кәсіпкерлік саласына тартылғандардың санының жалпы тұрғындар санынан үлесінің көбеюі; Бизнес инкубатордың болуы; Өндірістік алаңның болуы; «Нұр капитал» өңірлік бағдарламасының іске асырылуы; |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: Қаржы мәселелері: несиелік мекемелердегі құжаттарды қарау мерзімдерінің ұзақтығы; салық салу көлемінде жеңілдіктердің жоқтығы; Банк несиелерінің сыйақы пайыздық мөлшерлемелерінің жоғары болуы; Білікті кадрлардың жетіспеуі, кәсіпкерлердің өздерінің жете білмеуі; Қалада шағын және орта бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандыруының төмен деңгейі; Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы, электронды сауданың әлсіз дамуы;
|
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес саласын белсенді дамыту; Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту; Инфрақұрылымы жүргізілген Технопарк аймағынан кәсіпорындарды орналастыру. |
Жұмыссыздықтың көбеюі; Валюта нарығындағы қалыпсыз жағдайы.
|
Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:
Сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;
ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын қала халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;
Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы және электрондық сауданың жетілмеуі:
Қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;
Ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;
2.1.2.1 Білім беру
2018 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы білім беру жүйесі 84 мекемені қамтиды: 56 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, оның ішінде: 38 балабақша (26 мемлекеттік, 12 жекеменшік) және 18 шағын орталықтар (2 мектеп жанындағы шағын орталық, 16 жекеменшік шағын орталық); 26 жалпы білім беретін мектептер (22 орта, 2 бастауыш, 1 кешкі мектеп, 1 жекеменшік Каспий зияткерлік мектеп – бақша); 2 мектептен тыс мекемелер (М.Өскенбаев атындағы саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі); тәрбие және бейімдеу, түзету жұмыстарымен айналысатын «Оңалту орталығы» ММ; «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» ММ; 5 арнаулы оқу орындары (колледждер: 3 мемлекеттік, 2 жекеменшік).
Мектепке дейінгі білім беру.
Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуы барысында балабақшалардың саны 2018 жылғы көрсеткішті 2017 жылмен салыстырғанда 11,0 %-ға көбейді. Балаларды балабақшамен қамту - 100% ды құрады.
2015 - 2018 жылдар аралығында 15 балабақша пайдалануға беріліп, саны 41-ден 56 бірллікке дейін жетті (26 мемлекеттік, 12 жекеменшік), шағын орталықтардың саны 2018 жылға 18 бірллікке дейін жетті (2 мемлекеттік, 16 жекеменшік).
2015 жылы балабақшалардың саны 41 бірлікті құрады (мемлекеттік-22, 4-уі жекеменшік; 3-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 14908, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11829 бала қамтылып, қамту 79,4% құрады (балабақшаларда – 5843 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5986 бала).
2016 жылы балабақшалардың саны 46 бірлікті құрады (мемлекеттік-26, 6- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 14242, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11744 бала қамтылып, қамту 82,5% құрады (балабақшаларда – 5769 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5975 бала). 2016 жылы 320 орындық 4 балабақша (Көктем ш/а № 23 «Айзере», Қызылсай ауылында № 24 «Айналайын», Мерей ш/а № 25 «Толағай» Арай ш/а «Шапағат» ) салынып пайдалануға берілді.
2017 жылы балабақшалардың саны 51 бірлікті құрады (мемлекеттік-26, 11- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 16011, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11250 бала қамтылып, қамту 96,5% құрады (балабақшаларда – 5335 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5915 бала). 2017 жылы 4 жекеменшік балабақша ашылды: Рахат ауылында «Диана», Теңге ауылында «Қостерек», Арай ш/а «Арай», Астана ш/а «Керемет».
2018 жылы балабақшалардың саны 56 бірлікті құрады (мемлекеттік-26, 12- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 16-ы жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 16625, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 14365 бала қамтылып, қамту 87,3% құрады (балабақшаларда – 8507 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 6001 бала). 2018 жылы 5 жекеменшік балабақша ашылды: Шұғыла ш/а «Мерей», Рахат 2 ш/а «Сұңқар», Арай ш/а «Темірлан», Самал ш/а «Солнышка», Шаңырақ ш/а «Ерхан».
|
Жылдар |
Балабақшалар, шағын орталықтар саны |
Барлығы МДҰ саны
|
1-6 жастағы балабақша дағы бала саны |
3-6 жастағы балабақша дағы бала саны |
5-6 жастағы балабақша дағы бала саны |
Балабақ-шаларға жолдама берілген бала саны |
|
|
мемлекеттік |
жеке меншік |
||||||
|
2014 |
25 |
16 |
41 |
5 819 |
5 191 |
628 |
1 600 |
|
2015 |
25 |
16 |
41 |
5 843 |
5 202 |
641 |
2 241 |
|
2016 |
28 |
18 |
46 |
7 124 |
6 650 |
1 794 |
3 790 |
|
2017 |
28 |
23 |
51 |
|
5 335 |
1 634 |
3 871 |
|
2018 |
28 |
28 |
56 |
8 507 |
7 909 |
2 143 |
4 300 |
|
Жылдар |
Барлығы |
0 жас |
1 жас |
2 жас |
3 жас |
4 жас |
5 жас |
6 жас |
7 жас |
|
2014 жыл |
27 705 |
4 130 |
3 835 |
3 692 |
3 428 |
3 306 |
3 312 |
3 047 |
2 955 |
|
2015 жыл |
30 621 |
4 039 |
3 930 |
4 080 |
3 914 |
3 926 |
3 723 |
3 345 |
3 664 |
|
2016 жыл |
31 494 |
4 623 |
4 607 |
4 641 |
3 985 |
3 786 |
3 147 |
3 004 |
3 381 |
|
2017 жыл |
32 679 |
4 292 |
4 481 |
4 247 |
4 603 |
4 146 |
3 629 |
3 633 |
3 648 |
|
2018 жыл |
33 531 |
4 500 |
4 292 |
4 481 |
4 247 |
4 603 |
4 146 |
3 629 |
3 633 |
Қала бойынша балаларды мектепалды даярлықпен қамту кестесі
|
№ |
жылдар |
1-6 жастағы бала саны |
МАД тобындағы бала саны |
қамту пайызы,% |
|
1 |
2014 |
20 620 |
1 827 |
8,9 |
|
2 |
2015 |
22 918 |
2 700 |
11,8 |
|
3 |
2016 |
23 490 |
2 422 |
10,3 |
|
4 |
2017 |
24 799 |
2 424 |
9,7 |
|
5 |
2018 |
25 398 |
2 495 |
9,8 |
|
Жылдар |
Барлық педагогтар саны |
соның ішінде |
Жоғары және бірінші санатты педагогтардың жалпы педагогтарға шаққандағы үлесі, % |
|
|
жоғары санатты |
бірінші санатты |
|||
|
2014 |
627 |
48 |
59 |
17,1 |
|
2015 |
631 |
54 |
52 |
16,8 |
|
2016 |
801 |
65 |
56 |
15,1 |
|
2017 |
863 |
65 |
65 |
15,2 |
|
2018 |
1 049 |
74 |
73 |
14,01 |
Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі
|
Атауы |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018 |
|
Ашылған балабақшалар саны, бірлік / орын |
3 / 430 |
5 / 1 380 |
1 / 25 |
4 / 1 280 |
5 / 225 |
|
Ашылған б/б орындарының үлесі, % |
9,1 |
12,2 |
- |
8,0 |
12,8 |
Жалпы орта білім беру.
Жаңаөзен қаласына қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің саны 2018 жылы 26 бірілікке жетті, оның ішінде: 2 бастауыш мектеп, 22 орта мектеп, 1 кешкі мектеп және 1 жекеменшік Каспий зияткерлік мектеп – бақша). 2018 жылы «Рахат» шағынауданында 900 орындық, «Рауан» шағынауданында 900 орындық және «Арай» шағынауданында 900 орындық 3 орта мектеп пайдалануға берілді. Қала бойынша 2014/2015 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (19 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп) 24308 оқушы оқыды. 2016/2017 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (20 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп) 26931 оқушы білім алуда, 2017/2018 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (20 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп) 28242 оқушы білім алуда, 2018/2019 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 22 308 оқушыға арналған 24 күндізгі білім беретін орта мектепте (22 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп) 30 579 оқушы білім алуда.
|
Атауы |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018 ж |
|
Саны, бірлік |
22 |
22 |
22 |
24 (20 орта, 2 бастауыш мектеп, 1 кешкі, 1 жекеменшік) |
24 (20 орта, 2 бастауыш мектеп, 1кешкі, 1 жекеменшік) |
|
Мектептердегі оқушылар саны, адам |
24 308 |
25 544 |
26 931 |
28 242 |
30 579 |
Жалпы орта білім беру мекемелерінде педагогтардың саны 2014 жылы 1673 мұғалім, 2015 жылы 1815 мұғалім, 2016 жылы 1896 мұғалім, 2017 жылы 2018 мұғалім, 2018 жылы 2190 мұғалім жұмыс жасайды. Жоғарғы педагогикалық білімі бар педагогтардың үлесі: 2014 жылы 1150 мұғалім (68,7%), 2015 жылы 1223 мұғалім (67,4%), 2016 жылы 1274 мұғалім (68,4%), 2017 жылы 1531 мұғалім (70,4%), 2018 жылы 1554 мұғалім (70,9%) құрады. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2012 жылы 197 мұғалім (11,7%), 2013 жылы 227мұғалім (13,4%), 2014 жылы 478 мұғалім (28,6%), 2015 жылы 163 мұғалім (30,0%), 2016 жылы 265 мұғалім (27,2%), 2017 жылы 370 мұғалім (34,3%), 2018 жылы 751 мұғалім (48,0%) құрады.
2014/2015 оқу жылында 45 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 33 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 12 маман жұмысқа келді.
2015/2016 оқу жылында 83 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 55 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 28 маман жұмысқа келді.
2016/2017 оқу жылында 93 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 55 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 38 маман жұмысқа келді
2017/2018 оқу жылында 104 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 62 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 42 маман жұмысқа келді
2018/2019 оқу жылында 135 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 115 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 20 маман жұмысқа келді Бүгінде қала бойынша мектептерде математика, физика, орыс тілі, бастауыш (орыс мектептерге) пәндері бойынша 29 педагог мамандар жетіспейді.
2013/2014 оқу жылында 712 мектеп бітірушілердің 478-і (67,1%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 70,8 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 6,4 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 40 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 6 оқушы «Алтын белгіге» ие болды; шекті деңгейден 152 оқушы 50-ден төмен балл жинады. Мектеп бітірген түлектердің 712 оқушының 483-і (67,8%) жоғары оқу орындарына, оның 32-і (6,6%) грант бойынша; 167 оқушы (23,5%) арнаулы орта оқу орындарына түсті, 60 түлек (8,4%) жұмысқа орналасты, 2-уі әскер қатарына кетті.
2014/2015 оқу жылында 805 мектеп бітірушілердің 591-і (73,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 71,5 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,7 ұпайға артты (облыстық көрсеткіш 75,7). ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 64 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 9 оқушы «Алтын белгі», 4 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 173 оқушы 50-ден төмен балл жинады.
2015/2016 оқу жылында 952 мектеп бітірушілердің 737-і (77,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 73,8 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 2,3 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 109 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 14 оқушы «Алтын белгі», 24 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 117 оқушы 50-ден төмен балл жинады.
2016/2017 оқу жылында 933 мектеп бітірушілердің 803-і (86,0%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 75,6 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,8 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 161 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 35 оқушы «Алтын белгі», 41 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 125 оқушы 50-ден төмен балл жинады.
2017/2018 оқу жылында 1096 мектеп бітірушілердің 967-і (88,0%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 91,5 % құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда 1,2 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 406 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 29 оқушы «Алтын белгі», 58 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 83 оқушы 50-ден төмен балл жинады.
Мектеп бітірген түлектердің 1096 оқушының 936-ы (85.0 %) жоғары оқу орындарына, оның 411-і (44,0%) грант бойынша; 118 (13,0%) оқушы арнаулы орта оқу орындарына түсті, 40 (0,4%) түлек жұмысқа орналасты және 2 оқушы әр түрлі себептермен жұмыс және оқумен қамтылмаған.
Оқу жылдарының қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі: 2014/2015 о.ж. 805 мектеп бітірушінің 45,7%-ы (368 оқушының 37 үздік және 331 екпінді); 2015/2016 о.ж. 952 мектеп бітірушінің 48 үздік және 371 екпінді; 2016/2017 о.ж. 933 мектеп бітірушінің 77 үздік және 344 екпінді, 2017/2018 о.ж. 1096 мектеп бітірушінің 117 үздік және 492 екпінді.
Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану – математика пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 2017/2018 оқу жылында 68,96%.
Мектеп бітірушілердің арасында қоғамдық - гуманитарлық пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі орташа есеппен мектеп бітірген 2018 жылы 1096 түлектің 75,6% құрады.
Қала бойынша барлық мектептер компьютер сыныптарымен толықтай жабдықталған, 75 компьютер сыныбында 1814 компьютер бар (1 компьютерге 2014 жылы 18 оқушыдан, 2015 жылы 21 оқушыдан, 2016 жылы 25 оқушыдан, 2017 жылы 28 оқушыдан, 2018 жылы 24 оқушыдан келді). Сондай-ақ, интерактивті тақталар интернет желісіне қосылып, онлайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатыса алады, 249 интерактивті тақта.
Оқушыларды әлеуметтік қолдау. Аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2014 жылы 3002 бала (131,4 млн.теңге игерілді), 2015 жылы 2740 бала (167,8 млн.теңге игерілді), 2016 жылы 2771 бала (165,8 млн.теңге игерілді), 2017 жылы 2953 бала (барлығы 193,3 млн.теңге игерілді: соның ішінде тегін ыстық тамаққа 162,7 млн.теңге, киім - кешекке 22,3 млн.теңге), 2018 жылы 2927 бала (барлығы 230,8 млн.теңге игерілді: соның ішінде тегін ыстық тамаққа 194,5 млн.теңге, киім - кешекке 36,2 млн.теңге).
Оқушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп отырады.
1 сыныпқа келген оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2014 жылы 3 160 бала (игерілгені 137,0 млн.теңге), 2015 жылы 3 300 бала (игерілгені 150,3 млн.теңге), 2016 жылы 3 469 бала (игерілгені 171,6 млн.теңге), 2017 жылы 3 647 бала (игерілгені 178,4 млн.теңге), 2017 жылы 4717 бала (игерілгені 251,8 млн.теңге).
1 сыныпқа келген оқушыларды тегін мектеп формасымен 2014 жылы 3 160 (12,6 млн.теңге), 2015 жылы 3 298 бала (16,4 млн.теңге) 2016 жылы 3 053 бала (12,1 млн.теңге) қамтамасыз етілді.
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінде 2017 жылы 98 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 7-і патронат тәрбиесінде, 91-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде; 2018 жылы бұл көрсеткіш 86 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 4-і патронат тәрбиесінде, 82-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы: Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алуға жағдай жасау мақсатында қалада «Оңалту орталығы» ММ (130 баланы қамтиды); «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ (140 баланы қамтиды) және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация бар.
Мектептерде 2014/2015 о.ж. 61 мүгедек баланың 50-і үйден оқытылады, 11-і мектептерде инклюзивтік білім алады (18,0%); 2015/2016 о.ж. 45 мүгедек баланың 39-ы үйден оқытылады, 6-ы мектептерде инклюзивтік білім алады (13,3%); 2016/2017 о.ж. 64 мүгедек баланың 52-ы үйден оқытылады, 9-ы мектептерде инклюзивтік білім алады; 2017/2018 о.ж. 71 мүгедек баланың 56-ы үйден оқытылады, 10-ы мектептерде инклюзивтік білім алады және 2018/2019 о.ж. 75 мүгедек баланың 61-ы үйден оқытылады, 14-ы мектептерде инклюзивтік білім алады.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 24 күндізгі мектепте әр түрлі үйірмелер және 2 мектептен тыс мекеме (саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі) жұмыс жасайды.
Оқушылар шығармашылық үйіне қарасты 7 аула клубтары бар («Шаңырақ» ш/а «Мұрагер», «Шұғыла» ш/а «Жасұлан», «Самал» ш/а «Жасталап», «Көктем» ш/а «Жігер», «Өркен» ш/а «Жеткіншек», Теңге ауылында «Жұлдыз», Рахат ауылында «Алау»). Осы аула клубтарға әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 2014 жылы 2460 оқушы, 2015 жылы 2300 оқушы, 2016 жылы 2560 оқушы, 2017 жылы - 3000 оқушы, 2018 жылы 4210 оқушы қатысты.
Жазғы демалыспен 2014 жылы 10999 бала, 2015 жылы 16619 бала, 2016 жылы 13456 бала, 2017 жылы 24063 бала, 2018 жылы 19 520 бала қамтылды. Оның ішінде мектеп жанындағы ашылған лагерлерде: 2014 жылы 8 мектепте 2330 бала (33,3 млн.теңге), 2015 жылы 10 мектепте 2920 бала (42,1 млн.теңге), 2016 жылы 11 мектепте 3400 бала (50,470 млн.теңге), 2017 жылы 11 мектепте 3410 бала (57,420 млн.теңге), 2018 жылы 11 мектепте 3520 бала (48,4 млн.теңге) қамтылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру.
Қаламызда мектеп бітіруші түлектерге түрлі мамандықтар беру бағытында білім беретін 5 орта арнаулы оқу орындары бар:
1) мемлекеттік колледждер – 3, олар: Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Мангистау индустьриалды техникалық колледжі - 27 мамандық, «Облыстық медициналық колледжі» - 5 мамандық; «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» - 14 мамандық.
2) мемлекеттік емес колледждер - 2, олар: «Жаңаөзен политехникалық колледжі» - 21 мамандық, «Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі» - 7 мамандық.
|
Атауы (статистика) |
2014ж. |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018 ж |
|
Колледждер саны, бірлік |
5 |
5 |
5 |
5 |
5 |
|
Колледжде оқитындар саны, мың адам |
6,3 |
5,9 |
6,0 |
5,2 |
5,1 |
«Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Мангистау индустьриалды техникалық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 30 жылдық тарихы бар мемлекеттік колледж - облыстық бағыныстағы техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын көп салалы техникалық кәсіптік оқу орны болып табылады.
Мамандарды даярлау 27 мамандықтар бойынша жүргізіледі, оның ішінде 24 - техникалық мамандықтар; қызмет көрсету, экономика, басқару – 2, құрылыс – 1 құрады. 1985 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 250 оқушымен бастады (6 мамандық бойынша). Қазіргі таңда оқу процесі үш ғимаратта жүргізіледі. Бірінші оқу ғимараты типтік 400 оқушыға арналған (400 оқушы оқиды), екінші оқу ғимараты типтік емес және тозығы жеткен (1100 оқушы оқиды), үшінші ғимарат – 50 оқушыға арналған спорт кешені. Аталған колледжде:
2017/2018 оқу жылында барлығы 1488 адам: күндізгі бөлімде – 1160 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 1160 оқушы), сырттай бөлімде – 328 адам қамтылып отыр.
Бітірушілер саны: 2017/2018 оқу жылында күндізгі бөлімде – 479 адам (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 373 адам), сырттай бөлімде - 106 адам қамтылды. Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 268, жоғары оқу орындарында 17 оқушы оқуын жалғастырды, әскер қатарына 20 адам жіберілді, бала күтімінде 39 адам жұмыссыз қалған адам саны – 29 болды.
2016-2017 оқу жылында колледжде 2153 оқушы білім алды, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде – 1484 (69,0%) құрады.
2015/2014 оқу жылында күндізгі бөлімде – 400 оқушы (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша - 343). Соның ішінде күндізгі бөлім бойынша жұмысқа орналасқандар саны 145 оқушы, жоғары оқу орындарында 13 оқушы оқуын жалғастырды, әскер қатарына 2 адам жіберілді, бала күтімінде 36 адам болды.
Колледж базасында 2000 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Республикалық оқу әдістемелік бірлестік мұнай-газ ісі мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының кәсіби - техникалық оқу орындарына арнап білім беру стандартарын, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларын жасақтап беруде. Дуальдық оқыту жүйесі негізінде 2016/2017 о.ж. - 0801000 «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы» (негізгі орта білім базасында) – 21 оқушы, 2014/2015 о.ж. - 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша 25 оқушы оқытылуда.
Дуалды оқыту жүйесі бойынша 21 арнайы пән оқытушылары Белорусияда, Германия Малазия Турция Англия Финлянда білім жетілдіру курстарынан өтті.
Мұнай және газ колледжі 2014 жылдың мамыр айының 12-14 күндері аралығында Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 22.04.2014 жылғы №91-нқ бұйрығымен аттесталды.
Отыз жылдан бері мемлекеттік оқу орны бола тұра, республика көлемінде ғылыми – әдістемелік жұмыстармен айналыса отыра, өзінің арнайы тіптік оқу ғимаратының, акт залының, асханасының, спорт кешенінің болмауы бәрімізге сын деп есептеуге болады. Колледждің жаңа оқу ғимаратының құрылысының сметалық құны 918,2 млн.теңге болатын 15.11.2012 жылғы №15-0531/12 жобалық сметалық құжаттамасына арналған мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынып, жоба бойынша барлық құжаттар тиісті министрліктерге жолданды.
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2017/2018 о.ж. – 1588 оқушы толықтай қамтылды
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес білім беру ұйымдары уәкілеттік органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институциалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өту бойынша Жаңаөзен мұнай және газ колледжі 2015 жылы институциалдық аккредиттеуден өтті.
Жаңаөзен политехникалық колледжі ЖШС (мемлекеттік емес колледж) 2005 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 250 оқушымен бастады (5 мамандық бойынша). 2007 жылы осы колледжге түсушілердің санының көбеюіне байланысты Рахат ауылы Ақсу шағынауданындағы 650 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ДАМУ» қоры арқылы жалпы сомасы 45,0 млн.теңгеге несие қаржыландырылып, 350 орындық қосымша жаңа ғимарат құрылысы салынып, 2013 жылы пайдалануға берілді.
Аталған колледжде 2015/2016 жаңа оқу жылын 1052 оқушымен бастады (соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 897 оқушы).
2016/2017 оқу жылында барлығы 1372 оқушы (мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушы) соның ішінде: күндізгі бөлімде 957 оқушы комерциялық ақылы бөлімде 77 оқушы;
2017/2018 оқу жылында 1187 оқушы (мемлекеттік тапсырыс 525 оқушы), оның ішінде күндізгі бөлімінде 810 бала, 9 сыныптың негізінде 724 оқушы 11 сыныптың негізінде 86 оқушы (жалпы контингенттің 14,2%);
Бітірушілер саны 2014/2015 оқу жылы 288 оқушы (мемлекеттік тапсырыс – 226).
2017/2018 оқу жылы 308 оқушы (мемлекеттік тапсырыс – 207 соның ішінде 11 сынып 91 бала, қалған 10 бала ақылы бөлімде).
Бітірушілердің санынан 2017 жылы жұмысқа орналасқандар саны 189 адам (50,0%), жоғары оқу орындарында 4 адам (7,8%) оқуын жалғастырды; 35-і бала күтімі демалыста (7,3%), жұмысқа орналаспағаны 80 адам (23,3%).
2017-2018 оқу жылында 3 мамандық бойынша 0501000 «Әлеуметтік жұмыс», 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», 0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» дуальдық оқытудың эсперименттік жобасы жалғастырылып, жыл аяғында 91 оқушымен аяқтады.
2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасы аясында №120000 - «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы грантты иеленіп, жоба барысында осы мамандық бойынша материалдық техникалық базасы жаңартылып, қазіргі заман талабына сай шеберханамен жабдықталды.
Аталған колледж 2017/2018 оқу жылында білім беру ұйымының тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын орындауы, білім беру ұйымының өзінің қызметтерінде білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын анықтау мақсатында мемлекеттік аттестациядан 2014 жылы желтоқсан айының күні сәтті өтті. 2017-2018 о.ж. эксперимент аясында барлығы 90 бала оқып жатыр.
Оқу материалдық базасының қамтылуы 2013-2014 о.ж. «Жол картасы» бойынша: оқу жихаздарын; математика, химия, биология, физика кабинеттеріне көрнекі құралдарын; спорт тауарларын және компьютерлер сатып алуға - 12,1 млн.теңге қаражат жұмсалды. 827,1 мың теге видео наблюджение сатып алынды.
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2017/2018 оқу жылында 1187 оқушы толықтай қамтылды.
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі ЖШС (мемлекеттік емес колледж) 2008 жылы құрылып, жаңа оқу жылын 156 оқушымен бастады (5 мамандық бойынша). Оқу ғимараты жекеменшік. Аталған колледжде:
2014/2015 оқу жылында бітірушілер саны 271 оқушы. Күндізгі бөлімде 134 адам оқуды аяқтап, оның ішінде жұмысқа орналасқандар саны 102 адам (76,1%). Жоғарғы оқу орнына түскені 19 адам (14,1%), әскерге кеткені жоқ. Бала күтімінде 8 адам (5,9%). Жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылғандар саны 129 адам (96,2%).
Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар: 2011/2012 оқу жылында – 989 адам (күндізгі бөлім бойынша 706, ал сырттай бөлім бойынша 283); 2012/2013 оқу жылында 961 оқушы (күндізгі бөлім бойынша 599, ал сырттай бөлім бойынша 362); 2013/2014 оқу жылында 810 адам (күндізгі бөлім бойынша 538, ал сырттай бөлім бойынша 272); 2014/2015 оқу жылында 708 оқушы (күндізгі бөлім бойынша 503, ал сырттай бөлім бойынша 205).2015-2016 оқу жылында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 1 курстың 25 студенті және 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 1 курстың 25 студенті білім алуда. Жалпы 2015-2016 оқу жылында 73 студент білім алуда.
2016/2017 о.ж. 911 студент ( соның ішінде мемлекеттік тапсырыс -521 студент: күндізгі бөлімде - 421, сырттай бөлімде – 100) қамтылды.
Күндізгі бөлім бойынша 494 студент (9-сынып негізінде 454 студент (92%), 11-сынып негізінде 40 студент (81%). Сырттай бөлім бойынша білім алушылар саны – 417.
2016/2017 оқу жылында бітірушілер саны - 300 адам. Күндізгі оқу бөлімі бойынша 109 бітірушіден жұмысқа орналасқандар саны - 54 адам (49,5%), жоғарғы оқу орнына түскені – 15 адам (14%), колледжге түскені – 2 адам(1,8%), әскерге кеткені – жоқ (%), бала күтімінде – 19 адам (17%). Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар:
2016/2017 оқу жылында 639 оқушы (күндізгі бөлім бойынша - 492, ал сырттай оқу бөлімі бойынша – 147). 2016/2017 оқу жылында «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары (3 топ) дуальді оқыту жүйесі негізінде оқыды. Дуальді негізде оқитын топтардағы студенттер саны – 70 адам.
2017/2018 оқу жылында 768 студент ( соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 434 студент: күндізгі бөлімде - 376, сырттай бөлімде – 58) қамтылды.
Күндізгі бөлім бойынша 455 студент (9-сынып негізінде 439 студент (96%), 11-сынып негізінде 16 студент (35%). Сырттай бөлім бойынша білім алушылар саны – 313.
2017/2018 оқу жылында бітірушілер саны - 261 адам. Күндізгі оқу бөлімі бойынша 121 бітірушіден жұмысқа орналасқандар саны - 63 адам (52%), жоғарғы оқу орнына түскені – 24 адам (20%), әскерге кеткені – 2 (1,6 %), бала күтімінде – 13 адам (11%). Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандар:
2017/2018 оқу жылында 581 оқушы (күндізгі бөлім бойынша - 454, ал сырттай оқу бөлімі бойынша – 127).
2017/2018 оқу жылында 3 мамандық: «Бастауыш білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары (6 топ) дуальді оқыту жүйесі негізінде оқыды. Дуальді негізде оқитын топтардағы студенттер саны – 150 адам.
Жаңаөзен қаласы бойынша «15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі» 2012 жылы 13,1%, 2013 жылы 13,0%, 2014 жылы 12,7% құрады.
Білім беру бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу, бұрынғы ғимараттарды қайтару және қайта құру есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің кеңеюі; жаңа мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы; колледждің жоғары имиджі;
мамандықтардың кең көлемде болуы; колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы. колледждерде оқу үдерісіне оқытудың дуальді жүйесі элементтерінің енгізілуі; колледждердің мықты материальдық-техникалық базаның нығайтылуы;
|
мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың тапшылығы; күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жыл сайын артуы; инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы; жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жетілмеуі; өндірістік кәсіпорындардың жұмыс көлемінің қысқаруы; жұмыс берушілердің арнаулы оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа қабылдауда қоятын жоғары талаптары (тәжірибе, жұмыс стажының болуы); |
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
білім беру ұйымдарының желісін көбейту мақсатында заманауи білім беру объектілерін салу үшін бюджеттік қаржыландырылуын кеңейту және жеке қаржыландырылуын ынталандыру; халықаралық қорлар жағынан кәсіптік білім беруге қызығушылығының артуы; республикалық және халықаралық деңгейде оқытушылардың қайта даярлау және тағылымдамаларынан өтуі. |
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;
|
Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:
мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орындардың тапшылығы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;
орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың жетіспеушілігі;
білім беру жүйесіндегі әр-түрлі тексерулердің көптігі білім беру қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіреді;
инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (лифтер, шкафтар, дәретханадағы жағдайлар, ұстағыштар және т.б.);
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;
қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;
колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері;
колледждердің көпшілігінің үлгілік емес ғимараттарда орналасуы.
2.1.2.2 Денсаулық сақтау
Жаңаөзен қаласы бойынша барлығы 13 медициналық мекемелерқала халқына, Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарына, сонымен қатар Қарақия ауданы (Сенек, Қарақұдық, Құланды, Болашақ, Аққұдық) тұрғындарына стационарлық медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде:
- 6 мемлекеттік медициналық орталық:
* Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы (оның ішінде Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы, Жаңаөзен қалалық перзентханасы),
* Жаңаөзен қалалық емхана №1, Жаңаөзен қалалық емхана №2, Жаңаөзен қалалық емхана №3,Жаңаөзен қалалық туберкулез диспансері,Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы;
-7 жекеменшікмедициналық орталық:
«Стоматология» ЖШС, «Медицина» ЖШС, «Жолымбетов» ЖШС, «Медикер» ЖШС, «Нейрон» ЖШС, «СезаМед» ЖШС, «ШипаМед» ЖШС.
Сонымен қатар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға «Гемодиализ орталығы» тегін көмек көрсетеді.
Денсаулық саласында дәрігерлер арасында кадр тапшылығы күрделі мәселе болып отыр,мәселен:
- 2018 жылы 29 дәрігер-маман жетіспеді, олар: кардиолог, хирург, акушер-гинеколог, невропатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, неанотолог, маммолог және т.б.. 2019жылы оның ішінде: акушер-гинеколог дәрігер, инфекционист дәрігер,балалар анестезиолог-реаниматолог дәрігері, ЖТД дәрігер, окулист дәрігер, лор дәрігер, онколог дәрігер, невропатолог дәрігер.
Кадр жетіспеушілігін шешу жолдары: жас мамандарға біріншілік ақшалайкөмек және тұрғын үй мәселесін шешу қажет.
Қазіргі таңда барлық медициналық мекемелер 2018 жылдың сәуір айында толықтай кешенді медициналық ақпараттық жүйеге көшірілді.
Сонымен қатар, жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қала аумағында медиициналық көмек көрсету мақсатында, жеке инвестор қаражаты есебінен кардиоорталықашу жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Көпбейінді қалалық ауруханада компьютерлік томмография қала бойынша қызмет көрсетеді.
Өзіңізге мәлім, Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде:
*«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен«Жаңаөзен қаласындағы 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау»жобасының ЖСҚ-на түзетулер жүргізілуде.
*Бюджет қаражаты есебінен 180 кереуеттік «Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимаратын салу»жобасы тоқтап қалуына байланысты, жұмысын жандандыруды қажет етеді;
Бұдан басқа, Қызылсай ауылындағықолданыстағы амбулаториясының апатты болып танылуына байланысты, жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысына ЖСҚ жасақталуда, дайын болу мерзімі а.ж. желтоқсан айы.
Қала бойынша халық саны 01.01.2019 жыл кезеңіне 151,1 мың адам болып, 01.01.2018ж. кезеңімен салыстырғанда 3,2 мың адамға көбейді.
Халықтың күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 65,8 жасты, 2015 жылы – 70 жас, 2016 жылы – 71 жас, 2017 жылы – 72 жас, 2018 жылы – 73 жас, 2019 жылы - 73 құрады.
Қала бойынша демографиялық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Туу көрсеткіші - республика бойынша жоғары болып табылады, мәселен 2018 жылы туылғандар саны 1000 адамға шаққанда 31,2 промилле болса (4238 сәби) 143 сәбиге көбейді
Өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2017 жылы 2,0 промилледен 294 адам 2018 жылғы 2,3 промилле немесе 338 адамға көбейіп отыр.
Ана өлімінің көрсеткіші (100000 тірі туылғандарға шаққанда) 2017 жылы 1,0 промиллені құрады (1 бірлік) құрады. 2018 жылдары ана өлімі болған жоқ.
Жаңаөзен қаласы бойынша 0 жас пен 14 жас аралығындағы балалар саны 2017 жылы – 36540, 2018 жылы – 34435, 2019 жылы - 35740.
Нәресте өлім-жітім көрсеткіші (1жасқа дейінгі) 1000 тірі туғандарға есептегенде 2017 жылы 4,5 промиллені (20сәби), 2018 жылы 8,5 промилле (36 сәби). 2018 жылғы көрсеткішті 2017 жылмен салыстырғанда 3,5 промиллеге өсіп отыр.
«Гемофилия» ауырымен есепте тұрған 8 баланы тұрақты үзіліссіз емделуін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды.
Қала бойынша 0-17 жас аралығындағы скринингілік тексерілуге тиіс балалар мен жасөспірімдер саны 2017 жылы 57047 бала, 2018 жылы - 49177, 2019 жылы – 56208 баланы құрады. Нақты тексерістен өткізілгені100 пайыз.
Соның ішінде: айқындалған науқастар саны 2017 жылы – 4830 адам, 2018 жылы – 4926 адам, 2019 жылы – 3024 адам. «Д» есепке алынғандар саны 2017 жылы - 863 адам 2018 жылы – 911 адам, 2019 жылы – 302 адам ;
Денсаулық саласында дәрігерлердің арасында кадр тапшылығы байқалады, 2018 жылы 29 дәрігер-маман жетіспеді, олар: кардиолог, хирург, акушер-гинеколог, невропатолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, неанотолог, маммолог және т.б..
Жаңаөзен қаласындағы 90 керуеттік туберкулез ауруханасында күніне 70 адам қабылдайтын диспансер бөлімшесі, клинико-бактериялық зертхана, рентген кабинеті, ультрадыбыстық зерттеу кабинеті, орталық стерилизация бөлімдері бар. 2018 жылы түскен науқас саны 62 адам, соның ішінде ересектер саны 56 адам (оның ішінде: 10 бала, 2 жасөспірім), 2018 жылы 245 науқас емделіп шығарылды.
Туберкулез ауруы (100000 халыққа шаққанда) 2017 жылы 45,9 промилле 67адам, 2018 жылы 45,1 промилле, 62 адам.
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде: қан аздық ауруы бойынша 100000 халыққа шаққанда 2014 жылы - 3598,5; 2015 жылы - 5457,0; 2016 жылы - 5593,9; 2017 жылы – 7287; 2018 жылы – 6790,5 промиллені құрады. 2018 жылғы көрсеткішті 2017 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға азайып отыр.
Қала бойынша қан-тамырлары жүйесімен ауыратындар саны 2014 жылы 538 адам, 2015 жылы 464 адам, 2016 жылы 532 адам, 2017 жылы 480 адам, 2018 жылы 2140 адамды құрады. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 2014 жылы 66 адам, 2015 жылы 39 адам, 2016 жылы 44 адам, 2017 жылы 25 адам, 2018 жылы 31, 2019 жылы 21 адамды құрады.
Онкологиялық аурумен 2014 жылы - 265 адам, 2015 жылы - 291 адам, 2016 жылы - 318 адам, 2017 жылы - 392 адам, 2018 жылы - 264 адам, 2019 жылы – 258 адам диспансерлік есепте тұрды. Онкологиялық ауруымен өлім-жітім көрсеткіші 2014 жылы - 45 адам, 2015 жылы - 55 адам, 2016 жылы - 45 адам 2017 жылы - 57 адам, 2018 жылы – 46, 2019 жылы – 38 адам болды.
Қант диабетімен ауыратындар саны 2014жылы -569 адам, 2015 жылы - 952 адам, 2016 жылы - 1008 адам 2017 жылы-1034 адам, 2018 жылы-1021 адам, 2019 жылы- 1035 адам болды.
Қалада жүрек қан-тамырлары ауруы, қант диабеті, су қараңғы, жатыр мойыны ауруы, сүт безі ауруы, тік ішек ауруларының алдын ала анықтау және сауықтыру мақсатында ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес скринингілік тексеріс жыл сайын жүргізілуде. Жүргізілген скринингілік тексерістің нәтижесінде жүрек қан-тамырлары аурулардың саны және өлім деңгейі азайды, себебі науқастарды уақтылы диспансерлік есепке алынады, емдеу-сауықтыру орталықтарына үнемі жіберіліп отырады.
«Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» 147,0 мыңнан астам қала тұрғындарына және Теңге мен Қызылсай, Рахат ауылдарына, сонымен бірге Жаңаөзен қаласы жақын орналасқан Қарақұдық, Сенек, Құланды және Кендірлі аймағына да жедел жәрдем қызметін көрсетеді. Станцияда дәрігер мамандары жеткіліксіз болғандықтан көбінесе фельдшерлік бригадалар қызмет көрсетеді. Станцияда тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетіп отыр, оның 11- фельдшерлік және 1 дәрігерлік. 2013 жылдан бері Қызылсай, Теңге ауылдарында 1 бригада тәулігіне жұмыс жасайды.
Жедел және шұғыл көмек көрсету саны 2017 жылы 61113 шақырту, 2018 жылы 59881 шақырту, 2019 жылдың 9 айында 42 869 шақыртулар болды.
Қаладағы және іргелес елді мекендердегі емдеу-сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нығайтылып, Реаномобиль және санитарлық УАЗ автокөліктері; Флюроаппарат; физиоемдеу аппараттары; аудиометриялық кабинет; мұрын-құлаққа арналған ашық кабинеттермен және т.б. заманауи медициналық құралдар-жабдықтармен жарақтандырылды.
Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі; медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында салу есебінен кеңеюі; медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы; халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі; Әкімнің гранты бойынша 90 студенттің елдің медициналық ЖОО-да оқуы. |
қала бойынша 2014 жылы дәрігер кадрлардың тапшылығы 72 маманды құрады; бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі; әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.
|
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасы ету арқылы жергілікті жерде қалдыру; аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту; денсаулық сақтау объектілерін салуға бюджеттік және жеке қаржыландыруы көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту. |
жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді; еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі; көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі. |
Денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары:
дәрігер кадрлардың тапшылығы, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
2018 жылғы статистикалық дерекке сүйене отырып, ашық нарық негізінде қала бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 62 732 адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны 59 656 адам (жалдамалы қызметкерлер саны-55767 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлердің саны-3 889 адам), жұмыссыздар саны 3,076 мың адамды және жұмыссыздық деңгейі 4,9%, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жастағылар) 3,7% құрады.
Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны 2014 жылы 5242 адам, 2015 жылы 3933 адам, 2016 жылы 5938 адам, 2017 жылы 9433 адам, 2018 жылы 7602 адам. Соның ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 2014 жылы – 35,8% (1875 адам), 2015 жылы – 60,9% (2396 адам), 2016 жылы – 56,3% (3342 адам), 2017 жылы – 45,2% (4264 адам), 2018 жылы – 70,0% (5315адам) .
Құрылған жұмыс орындарының саны 2014 жылы 4334, 2015 жылы 3907, 2016 жылы 3484, 2017 жылы 3971, 2018 жылы 5250 бірлікті құрады. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындары 2014 жылы – 562, 2015 жылы – 763, 2016 жылы – 1631, 2017 жылы – 2441, 2018 жылы – 3708 бірлік болды.
Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа мүгедектер саны 2014 жылы 116 адам, 2015 жылы 122 адам, 2016 жылы 126 адам, 2017 жылы 194 адам, 2018 жылы 232 адам болды. Оның ішінде жұмысқа орналасқандары 2014 жылы 47 адам, 2015 жылы 114 адам және 1 адам шағын несие алды, 2016 жылы 94 адам, 2017 жылы 116 адам, 2018 жылы 165 адам. Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі 2014 жылы 17 адам, 2015 жылы 7 адам, 2016 жылы 32 адам, 2017 жылы 117 адам, 2018 жылы 81 адам.
Кесте 1. Жаңаөзен қаласының еңбек нарығының негізгі индикаторлары
(ресми статистикалық деректер)
|
Еңбек нарығының негізгі индикаторлары |
2015ж. |
2016ж.
|
2017ж. |
2018ж. |
|
Халық саны, адам |
136 385 |
140 600 |
144 700 |
147 900 |
|
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны, адам |
55 491 |
70 046 |
65 172 |
62 732 |
|
Жұмыспен қамтылған халық саны, адам |
52 226 |
65 764 |
61 794 |
59 656 |
|
Жалдамалы қызметкерлер саны, адам |
45 314 |
61 482 |
60 073 |
55 767 |
|
Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны, адам |
6 912 |
4 282 |
1 721 |
3 889 |
|
Жұмыссыздар саны, адам |
3 265 |
4 282 |
3 378 |
3 076 |
|
Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, % |
5,9 |
6,1 |
5,2 |
4,9 |
|
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жастағылар) |
8,3
|
6,8 |
3,5 |
2,1 |
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі
|
Индикаторлар атауы |
2015ж. |
2016ж. |
2017ж. |
2018 ж |
|
Тіркелушілер саны, адам |
3 933 |
5 938 |
9 433 |
7 602 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
әйелдер саны, адам |
1 643 |
2 800 |
4 388 |
4 139 |
|
жастар саны, адам |
2 290 |
2 688 |
5 094 |
3 778 |
|
Жұмыспен қамтылғандар саны барлығы («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы») бірге, адам |
2 396 |
3 342 |
4 264 |
5 315 |
|
- Тұрақты жұмысқа |
763 |
1631 |
2441 |
3 708 |
|
- Әлеуметтік жұмысқа |
238 |
240 |
299 |
305 |
|
- Қоғамдық жұмысқа |
1201 |
1 292 |
1 370 |
1 167 |
|
- Жастар практикасы |
194 |
179 |
154 |
135 |
|
Жұмыссыздар саны, адам |
923 |
1 480 |
1 088 |
1 036 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
|
әйелдер саны, адам |
599 |
794 |
635 |
591 |
|
жастар саны, адам |
405 |
748 |
561 |
477 |
|
Жұмыссыздық деңгейі, пайыз |
1,6 |
3,0 |
1,6 |
1,6 |
|
Құрылған жаңа жұмыс орындары, бірлік |
3 907 |
3 484 |
3 971 |
5 250 |
Еңбек ақы. Жаңаөзен қаласындағы еңбекақы деңгейі жоғары ретінде сипатталады, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде. Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы: 2014 жылы – 292 272 теңге, 2015 жылы – 324 788 теңге, 2016 жылы – 336 896 теңге, 2017 жылы – 367 364 теңге, 2018 жылы – 404 573 тенге.
Халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыздың 14.02.2012 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 23.01.2013 жылғы кеңестің №01-7.1 хаттамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 31.03.2015 жылғы №162 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты: халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздықты қысқарту. Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша:
2) кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша: кәсіпкерлік негіздері курсына 2014 жылы 11 адам, 2015 жылы 11 адам, 2016 жылы 12 адам оқытылды. Өз ісін ашуға және кеңейтуге 2014 жылы 9 адам 27,0 млн.теңге, 2015 жылы 5 адам 9,0 млн.теңге, 2016 жылы 23 адам 66,0 млн.теңге, 2018 жылы 99 адам оқытылып, 16 адам 85,3 млн.теңгеге несие алды. Нәтижесінде 52 жұмыс орындары құрылды.
3) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша:
- қайта даярлау курсына 2014 жылы 175 адам, 2015 жылы 20 адам, 2016 жылы 50 адам, 2017 жылы 464 адам, 2018 жылы «Жаңа Серпін орталығы» арқылы 245 адам жолданып соның ішінде 149 адам жұыспен қамтылды.
- біліктілігін арттыру курсына 2014 жылы 15 адам жолданып, 2016 жылы 5 адам жолданып, толығымен жұмыспен қамтылды.
- кәсіби білім беруге (оқу мерзімі 10 айдан 3 жылға дейін) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 2018 жылы 243 адам оқытылуда.
(Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі – 90; О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі – 52; Ақтау политехникалық колледжі - 5; Жаңаөзен политехникалық колледжі – 66; Маңғыстау энергетикалық колледжі – 1; М.Тынышбаев атындағы ҚАЗККА Ақтау көлік колледжі- 5; Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі – 1; Маңғыстау туризм колледжі – 4, Прикаспийский колледж Болашақ – 1, Қарақия кәсіптік колледжі – 10, Ақтау есептік технологиялық колледжі – 3; Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі – 6, Болашақ колледжі – 3.
- әлеуметтік жұмыс орындарына ішінара субсидиялау жалақымен 2015 – 2018 жылдары 1 082 адам жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды. (2015 жылы 238, 2016 жылы – 240, 2017 жылы – 299, 2018 жылы – 305 адам). Бағдарлама аясында төрт жылда барлығы РБ – 37,2 млн.теңге жұмсалды ( 2015 жылы – 7,0 млн.теңге, 2016 жылы – 6,8 млн.теңге, 2017 жылы - 11,2 млн.теңге, 2018 жылы – 12,2 млн.теңге).
- жоғары және арнайы оқу орындарының 662 түлегі жастар практикасына жіберілді ( 2015 жылы – 194 адам, 2016 жылы – 179 адам, 2017 жылы – 154 адам,2018 жылы – 135 адам). Осы мақсатта барлығы РБ – 47,9 млн.теңге қаржы жұмсалды ( 2015 жылы – 5,4 млн.теңге, 2016 жылы – 5,7 млн.теңге, 2017 жылы – 17,0 млн.теңге, 2018 жылы – 19,8 млн.теңге).
ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бекітілді.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында «монтажник», « мемлекеттік қызметтер», «лаборант», «токарь», «тазарту қондырғысының операторы», «компьютерлік сауат ашу», «темір құрылымдарды құрастырушы», «құрылыстарды тазалаушы», «жедел саты» мамандықтары бойынша 245 азамат «Жаңа Серпін» КММ арқылы оқытылып, 245 азамат оқуларын аяқтап, соның ішінде: 149 азамат Ақтау қаласы және қала мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыты: Жыл басынан шағын несие беру үшін «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен 6% - 85,3 млн.тг. қаражат бөлінген, мал шаруашылыққа шағын несиелері 11 азаматқа 48,3 млн.теңге қаражат бөлінген, мал шаруашылыққа шағын несиелер 11 азаматқа 48,3 млн.теңге қызмет көрсету саласына 2 азаматқа 7 млн.теңге денсаулық саласына 1 азаматқа 12,0 млн.теңге, дәмхана ашуға 1 азаматқа 13,0 млн.теңге, 1 азаматқа кәсібін ұлғайтуға 5,0 млн.теңге берілді. Бөлінген қаражаттар толығымен игерілді. «Бастау – бизнес» жобасына жоспарланған 70 адамның кәсіпкерлік негіздеріне 99 азамат оқытылды, соның 82 жұмыссыз және 17 өзін – өзі жұмыспен қамтылғандар. Республикалық бюджеттен мемлекеттік грантқа 2,4 млн.теңге бөлінді. Кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификаттарын алып, қайтарымсыз грантқа жаңа бизнес – жобаларын Маңғыстау облыстық жаңа бизнес – жобаларын қарау комиссия жоспарланған 10 азаматтың жобалары мақұлданып, әр қайсына 240,0 теңге көлемінде қайтарымсыз несие берілді. Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат толықтай игерілді.
Үшінші бағыты:
- әлеуметтік жұмыстарға барлығы 305 адам: жергілікті бюджеттен 100 орынға 28 997,0 мың тг. қаражат қарастырылды, 28 997,0 мың тг. игерілді. Есеп кезеңде 13 мекемеге 305 азамат жұмысқа жолданды. Республикалық бюджеттен 55 орынға 12 170,0 мың тг. қаражат қарастырылды, 12 161,9 мың.теңге игерілді. Есеп кезеңде 16 мекемеге 94 азамат жұмысқа жолданды.
– жастар практикасы барлығы 135 адам: жергілікті бюджеттен 80 орынға 12 939,0 мың тг. қаражат қарастырылып, толықтай игерілді. Есепті кезеңге 10 мекемеге 59 азамат жұмысқа жолданды. Республикалық бюджеттен 55 орынға 19841,0 мың тг. қаражат қарастырылып, толықтай игерілді. Есеп кезеңде 21 мекемеге 76 азамат жұмысқа жолданды.
– қоғамдық жұмысқа 950 орынға жергілікті бюджеттен 489 644 мың тг. қаражат қарастырылып, толықтай игерілді. Есепті кезеңге 1 167 азамат жұмысқа жолданды.
– тұрақты жұмысқа 3 708 жұмыссыз адам жолданды.
– ерікті қоныс аударуға ниет білдірген 18 отбасы 58 адам, оның ішінде 6 отбасы /30адам/ қоныс аударған: Қостанай облысы 4 отбасы 21 адам: - Қарабалық ауданы Бөрлі аулына – 1 отбасы 7 адам – жеке шаруашылықпен айналысуға/өз қаражатына үй сатып алған, көшу субсидиясын 640 мың тг көлемінде төленді/; - Алтынсары ауданы – 2 отбасы 11 адам – 1 отбасы-жалдамалы тұрғын үйлерге орналастырылды, 2 отбасы - өз қаражатымен 4 бөлмелі жер ұй сатып алған, көшу субсидиясын 980мың тг. төленді. Солтүстік Қазақстан облысы – 1 отбасы 4 адам – Мамлют ауданы Воскресенка ауылы – тұрғын үй сатып алған, балдары ауылдық мектепке орналастырылды, 850 мың тг. көшу субсидиясын төленді; Павлодар облысы – 1 отбасы 7 адам Павлодар ауданы Красноармейск ауылы /1 200,0 мың тг. субсидиясы төленді, қоныстанушы берілген қаражатқа жеке үй сатып алған, аудандық наубайханаға жұмысқа орналастырылды, қызы - Агротехникалық колледжінде 1 курсқа қабылданды, 2 баласы – балабақшаға, 3 – баласы аудандық мектепке орналастырылды/.
«Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі 2014 жылы 4 рет, 2015 жылы 5 рет, 2016 жылы 2 рет, 2017 жылы 1 рет, 2018 жылы 2 рет өткізілді. Бұған барлығы 191 мекеме, 2 572 адам қатысып, 828 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 395 адам әр түрлі мақсаттағы жұмыстарға орналастырылды. Өнеркәсіптегі және экономикадағы тұрақтану кәсіби кадрлардың болуын талап етті, бірінші кезекте инженерлік – техникалық қызметкерлердің болуын, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізу – қызметкерлердің біліктіліктерінің деңгейіне талаптарды арттыруды талап етті. Еңбек рыногында жұмысқа деген өтініштерін негізінде басқа мемлекеттерден көшіп келген адамдар ұсынады. Тек олардың үштен бір бөлігінің ғана жоғары және орта кәсіби білімдері бар, бірақ ол білім де қызмет атқаратын өндірістердің саласына сәйкес келмейді.
Қорытынды: Жаңаөзен қаласының еңбек нарығындағы жағдай тұтас алғанда еңбек нарығының құрылымдық дисбаланс аясында жұмыссыздық деңгейінің өсуімен сипатталады.
Жұмыспен қамту және халықтың табысы SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
жаңа жұмыс орындарының ашылуы; «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020», «Өрлеу» жобасының, «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының, Жаңаөзен қаласында бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының аясында белсенді шараларды пайдалану; әлеуметтік нысаналы топтарға субсидия беру арқылы жұмыс орындарын ұстап қалу; өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер санының көбеюі; халықты кәсіпкерлікпен айналысу үшін микрокредиттер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, т.б.; халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу бойынша шараларды жүзеге асыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарды, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру ұйымдастыру; |
тұрақты жұмыс орындарының болмауы; жасырын жұмыссыздықтың болуы; мамандардың жетіспеу салдары; жастар және әйелдер арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі; кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі:
|
|
МҮМКІНДІКТЕР: |
ҚАТЕРЛЕР: |
|
тұрақты жұмыс орындарының ашылуы; жұмыс берушінің жоғары деңгейде жауапкершілікте болуы; сырттан келетін шет ел жұмысшыларының деңгейін төмендету; жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттырттыру; Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану; Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жүмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру; Өз ісін ұйымдастыру үшін микрокредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу: |
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқартылуы; Халықтыңбәсекеге қабілетсіз топтарын жүмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы:
|
Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі проблемалар:
мұнайға арналған бағалардың әлемдік деңгейінің төмендеуіне, мұнай-сервис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;
жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;
жастар және әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі.
Халықты әлеуметтік қорғау
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014 жылы 25376 теңге, 2015 жылы 24838, 2016 жылы 28238 теңге, 2017 жылы 30565 теңге, 2018 жылы 35 466 теңгені құрады. 2018 жылғы көрсеткішті 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсті.
Күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінің өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері өсті, мәселен 2014 жылы 1852 теңгені, 2015 жылы 1945 теңге, 2016 жылы 2082 теңге, 2017 жылға 2228 теңге, 2018 жылы 2 405 теңгені құрады.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен табыстары төмен адам саны 2015 жылы 1060, 2016 жылы 223, 2017 жылы 193, 2018 жылы 1 880 адам болды. 2018 жылғы көрсеткішті 2015 жылмен салыстырғанда 77,3 %-ға. Халықтың жалпы санынан мүжәлсіз адамдардың үлесі 2014 жылы 1,0%, 2015 жылы 1,0%, 2016 жылы 0,9%, 2017 жылы 0,1%, 2018 жылы 1,2% құрады. 2018 жылғы көрсеткішті 2015 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көбейді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 2014 жылы – 31,2% (417 адам), 2015 жылы – 31,7% (336 адам), 2016 жылы – 25,1% (223 адам), 2017 жылы – 24,3% (193 адам), 2018 жылы – 31,6% (595 адам) құрайды.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 2014 жылы – 1303 адам (100%), 2015 жылы –1060 адам (100% ), 2016 жылы – 223 адам (100%), 2017 жылы – 193 адамды (100%), 2018 жылы – 1880 адамды (100%) құрайды.
Қалалық маслихаттың 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №21/171 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік көмектің түрлері туралы» шешіміне сәйкес айына бір айлық көрсеткіш (1852 теңге) көлемінде мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 2014 жылы 3154 мүмкіндігі шектеулі жандарға 29256,0 мың теңге, 2015 жылы 14701 мүмкіндігі шектеулі жандарға 145700,0 мың теңге, 2016 жылы 18323 мүмкіндігі шектеулі жандарға 211600,0 мың теңге, 2017 жылы 18875 мүмкіндігі шектеулі жандарға 168600,0 мың теңге, 2018 жылы 20 709 мүмкіндігі шектеулі жандарға 249 025,7 мың теңге көлемінде төлеуге әлеуметтік көмегі берілсе, 8 айлық есептік көрсеткіш ретінде асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушы 2014 жылы 2221 балаға 32,9 млн. теңге, 2015 жылы 1233 балаға 33,8 млн. теңге, 2016 жылы 1228 балаға 36,2 млн.теңге, 2017 жылы 1180 балаға жылына бір кезек 37,7 млн.теңге, 2018 жылы 1990 балаға 38,3 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріліп отыр. 2015 жылы үйде оқитын 71 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 8436,0 мың теңге төленді, 2016 жылы үйде оқитын 79 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 10003,0 мың теңге, 2017 жылы үйде оқитын 81 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 11027,0 мың теңге, 2018 жылы үйде оқитын 103 мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 13 111,0 мың теңге төленді.
Тұрғындарға төленген әлеуметтік көмектер туралы мәліметтер:
|
Атауы |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
2017ж. |
2018 ж |
|
Атаулы әлеуметтік көмек, отбасы/адам |
261/1303 |
198/ 1016 |
48/223 |
39/193 |
357/1880 |
|
Төленген қаражат, млн.теңге |
29,480 |
20,0 |
4877,0 |
5690,1 |
73618,0 |
|
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, отбасы/адам |
412/1252 |
386/ 1245
|
356/1189 |
334/1181 |
- |
|
Төленген қаражат, млн.теңге |
12,868 |
11,0 |
11,905 |
14,099 |
- |
|
Мүжәлсіз отбасылардың коммуналдық төлемақыларын үшін тұрғын үй көмегі, отбасы |
86 |
52 |
90 |
98 |
102 |
|
Төленген қаражат, млн.теңге |
2,659 |
1,7 |
2,3 |
2,8 |
3,0 |
|
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі (теңге) |
23737 |
24838 |
28238 |
30565 |
35 466 |
|
АЭК-тің кедейшілік мөлшері (теңге) |
10150 |
9935 |
11295 |
18339 |
14 186,4 |
|
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының кедейшілік шегінің мөлшері (теңге) |
15226 |
14903 |
16943 |
12226 |
- |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 329 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізіліп, яғни «18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы», «Өрлеу» жобасы, « 4 және одан да көп балалар жәрдемақысы, біріктіріліп, 2018 жылы 1 қаңтардан аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастады.
Қала бойынша барлығы 4400 мүгедек адам болса, олардың 1125-і жасы 18-ге толмаған балалар. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету мақсатында 70 балаға айына 12625 теңге және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері 124мүгедек балаға тұрақты қызмет көрсетіліп, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Жыл сайын көзі көрмейтін зағип адамдарға тифломагнитафон, таяқ және сағат тифлотехникалық құралдары; ересек мүгедек адам және бес жасынан мүгедек балаларға кресло-арбалар; ересек мүгедектер мен балаларға протез-ортопедиялық құралдары; мүгедек сурдотехникалық құралдармен (ұялы телефон, сағат); мүгедек балалар мен ересек мүгедек адамдар Оңалту орталықтарына және санаториялық курорттарға емделуге жолдамамен қамтылып отырады; ымдау тілі мен жеке көмекшілер мүгедектерге қызмет көрсетеді;
Қаланың ірі кәсіпорындары және тағы басқалары арқылы мүгедек балаларға үнемі қамқорлық көрсетіліп, мерекелік шараларға шақырылып және Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар табысталады;
Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, атаулы мерекелерге (Наурыз мерекесіне, Алтын алқа, Күміс алқа иелеріне, 1 мамыр «Бірлік күні», Жеңіс күні, 1 маусым балалар күніне мүгедек балаларға қарттар күні, мүгедектер күні, Конситуция күні) орай, 10186 адамға 302,8 млн.теңге көлемінде жәрдемақы берілді.
Ауылдық жерлерді кадрмен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің грантына бөлінген 2014 жылға 104,4 млн.теңгеге жыл басынан 144 студент оқып, 7 түлек оқып бітірді; 2015 жылға 122,0 млн.теңгеге жыл басынан 163 студент оқып, 22 түлек оқу бітірді; 2016 жылға 132,4 млн.теңгеге жыл басынан 200 студент оқып, 18 түлек бітірді; 2017 жылға 158,7 млн.теңгеге жыл басынан 203 студент оқып, 2018 жылға 149,9 млн.теңгеге жыл басынан 196 студент оқып, 36 түлек оқу бітіріп, қазіргі таңда 70 түлек жұмысқа орналастырылып Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында еңбек етуде.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
|
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының азаюы және атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерінің өсуі; аз қамтылған отбасыларға берілетін көмектер; арбадағы мүгедектер кіретін пандустардың болуы; «Инватаксидің» жұмыс жасауы; жеке көмекшілердің болуы; мүгедектерге беретін гигиеналық құралдар санының өсуі; |
табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының қалаға көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы; ең төменгі күнкөріс деңгейінің және тиісінше кедейшілік шегінің жыл сайынғы өсуі; өнімсіз жұмыспен қамтылудың сақталуы |
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
|
Халықтың нақты табысының өсуі; Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің жандануы. Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану |
Аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі. |
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:
жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қиындықтарына, өткізу рыногтарының шалғайлығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылығы;
мұнай-газ саласындағы жалақы мен ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік саладағы жалақы арасындағы айтарлықтай айырмашылық;
қалаға басқа өңірлерден көп балалы аз қамтылған отбасыларының көптеп келуі.
2.1.2.4. Мәдениет, спорт және туризм
Мәдениет пен өнер саласының екпінді дамуы, мәдениет туындыларына қол жетімділікті қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге баулу, өнердің озық үлгілерін насихаттау бағытында мәдени ұйымдардың саны 10 бірлікті құрайды, оның ішінде:
* 1000 орынға арналған 3 мәдениет үйі(«Өнер» МКҚҚ кәсіпорынның «Мұнайшы» МҮ, Теңге ауылындағы «Ата мұра» МҮ, Қызылсай селосындағы «Шаңырақ» МҮ);
*152 орындықкітапхана 7 бөлімшесімен бірге.
2018 жылдық қала және оған іргелес елді – мекендер тұрғындары үшін дәстүрлі және атаулы мерекелерге арналған 334 мәдени көпшілік шара, дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. Қамтылған көрермендер саны – 135500 адам, көркемөнерпаз саны – 7364 адам. Мәдениет үйлеріндегі клубтық құрылымдар саны -83, соның ішінде үйірмелер саны – 47/884 қатысушы, ұжымдар саны – 36/610 өнерпаз. Барлығы: клубтық құрылым 83/1494қаысушы өнерпаз.
«Мұнайшы» МҮ -26 өнер ұжымы мен 36 үйірме, «Шаңырақ» МҮ – 5 өнер ұжымы мен 5 үйірме, «Атамұра» МҮ – 6 үйірме, 5 ұжым жұмыс жасайды.
Халықтық атағы бар 2017 жылы 7 ұжым болса, 2018 жылы – 11 ұжымға жетті, қатысушы саны – 178 өнерпазға жетті, барлығы «Мәдениет» МҮ-нің ұжымдары.
Клубтық құрылым саны 2017 жылы 2018 жылға қарағанда 2 бірлікке көбейіп, 83 ке жетіп, мүше саны 93 өнерпазға дейін көбейіп 1494 болды.
Мәдени ошақтардың материалдық – техникалық базасын нығайтуға 2018 жылы жергілікті бюджеттен 7 357,0 млн.теңгені құрады.Жаңаөзен қалалық Орталықтанған кітапханалар жүйесінде өте үлкен ақпараттық, рухани, өнегелік қорлар жинақталып сақталуда.
Кітап қоры 2018 жылы 127235 дана (67738 данасы – қазақ тілінде), 2017 жылмен салыстырғанда жалпы кітап қоры 18307 бірлікке, қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 1971 бірлікке кеміді. Кітап қорының кему себебі – аталған қордың ішінен мазмұны бойынша ескірген, тозығы жеткен кітаптар шығысталды.
Оқырмандар саны 2017 жылы 16391, 2018 жылы 17283 адамды құрап, 892 оқырманға көбейген.
Кітап қорын толықтыруға 2017 жылы барлығы 5 090,1 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 1 050,3 млн.теңге, мемлекеттік тапсырыспен 4039,8 млн. теңге. Соның ішінде келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 2868/2385 дана кітап, 713 дана мемлекеттік бюджеттен, 2155 дана мемлекеттік тапсырыспен сатып алынды. 2018 жылы кітап қорын толықтыруға барлығы 6 829,5 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 763,0 млн.теңге мемлекеттік тапсырыспен 6 066,5 млн.теңге. Келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 3241/2839 дана кітап, 641 дана мемлекеттік бюджет есебінен, ал 2600 дана кітап мемлекеттік тапсырыспен алынды.
«РАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа 48615 дана кітап енгізілді. Қаладағы орталық кітапхана 1973 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасып келеді. 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласында 2021 жылы Оқушылар шығармашылық үйі мен жаңа кітапхана құрылысын салу көзделген. Құрылысты салу үшін ауданы 0,2 га жер учаскесі бөлінді. Жалпы сметалық құны 700,0 млн.теңгені құрайды.
Жаңаөзен қаласына қарасты Рахат ауылында бюджет қаражаты есебінен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылысын аяқтау мерзімі 2021 жылға жоспарланған.
Сонымен қатар, қаламызда облыстық тарихи – өлкетану мұражайының филиалы жұмыс жасайды. Мұражайға келушілер саны 2018 жылы – 8608 ( 2017 жылы – 6357 адам) яғни өткен жылмен салыстырғанда 2251 адамға өсіп отыр.
2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласында 2021 жылы жаңа тарихи-өлкетану мұражай құрылысын салу көзделіп отыр. Жалпы сметалық құны 511,0 млн.теңгені құрайды.
Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі Ұлт аспаптар дирижері, кәсіби деңгейдегі ұлт аспаптар кадрларының (қобызшы, сырнайшы, үрмелі аспаптар т.б.) және хореография (классикалық би), дәстүрлі ән өнерінің вокал мамандарының тапшылығы болып отыр.
Облыстық мәдениет басқармасының қаулысымен қоғамдық қамқоршылық бекітіліп, жауапты мекемелерге жүктелген тарихи – мәдени ескерткіштерге жыл сайын тазалық, жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.
Мәдениет бойынша SWOT-талдау:
|
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ: |
|
Мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі; Жылдан–жылға кітапханалардың кітап қоры толықтырылып отырады; Тарихи-мәдени мұраларды насихаттау;
|
Ауылдық мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі; Мамандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеуі; Мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы үйлесімділіктің болмауына негізделген ауыл тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерге қолжетімділігінің теңсіздігі; |
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР: |
|
Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу; |
Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы, әсіресе ауылдық жерде; |
Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:
мәдениет объектісі кітапхана және оның бөлімшелері бейімделген ғимараттарда орналасқан;
мәдениет объектісі кітапхананың ақпараттандырудың төмен деңгейі, ауылдық кітапханада Интернет желісіне қолжетімділігінің жоқтығы;
материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі (музыка аспаптарының, жарық және дыбыс жабдығының, сахна киімдерінің жетіспеушілігі;
мәдениет мекемелері үшін, әсіресе ауылдық жерде кадрлардың (реставраторлдар, каталогизаторлар және бағдарламашылар сияқты тар шеңберлі мамандардың тапшылығы);
2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт
Жаңаөзен қаласы бойынша Әмин Тұяқов атындағы стадион,Р.Өтесінов атындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», 3 бірлік балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Алға» мүгедектер спорт клубы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 36 спорт алаңдары бар. Білім беруге қарасты 3 аула клубтары қызмет көрсетеді.
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 2017 жылы 24,0 мың адам болса,2018 жылы 36,0 мың адамқұрайды немесе жалпы халық санынан 24,0%.Оның ішінде жасөспірімдер саны – 6,5 мың 7,0 мыңға көбейіп отыр.
Кешенді жоспар аясында 2012-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерде 26 спорттық алаңдар салынды. 2012-2014 жылдары салынған 15 спорттық алаңдар «Жаңаөзен қалалық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі мемлекеттік мекеме балансына берілді.
2012 жылы 5 (бес) спорт алаңдарын салуға ЖБ – 47,4 млн.теңге игеірлді. Ауданы барлығы 0,4 га (әр қайсысы 0,054 га – дан) жер телімі бөлінді. «Самал» ш/а №1,2 үйінің алдында, «Көкктем» ш/а № 12-13 уйлердің аралығы, «Өркен» ш /а № 64-68 тұрғын үйлер аралығы, «Шаңырақ» ш/а 3/5/7 тұрғын үйлер аралықтарында салынды. Сонымен бірге, балаларға арналған № 5 мектеп гимназия және № 18 орта мектепке спорт алаңшалары салынды.
2013 жылы «Шаңырақ» ш/а №26-27 үйлердің, «Көктем» ш/а №32-33 үйлердің, «Шұғыла» ш/а № 5-6, «Шұғыла» ш/а № 16/17 үйлердің, «Самал» ш/а № 33-34 үйлердің жанынан жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын спорт алаңдары салынды. ЖСҚ – 65,8 млн.теңге. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен – 65,0 млн.теңге игерілді.
2014 жылы «Рауан» ш/а №3 үй жанынан, «Өркен» ш/а № 56-57 үйлер жанынан, «Көктем» ш/а № 57-58 үйлер жанынан, Теңге ауылында № 69,71,76 және 78 үйлер жанынан, Қызылсай ауылында спорт алаңдары салынды (жалпы ауданы 450 шаршы метр, жобалық сметалық құны 65,822 млн.теңгені құрайтын 23.12.2013 жылғы №15-0415/13 мемсараптама қорытындысы бар. 2014 жылға жергілікті бюджеттен спорт имараттарын салуға 64,4 млн.теңге бөлінді.
2015 жылы ЖБ-75,6 млн.теңге бөлініп, «Шаңырақ» ш/а №21 үй, «Шұғыла» ш/а №30 үй, «Астана» ш/а, «Ақсу» ш/а барлығы 5 (бес) спорт алаңдары салынды.
Салынған алаңшалардың заң талаптарына сәйкес құжаттары рәсімделіп, балансқа қабылданды.
2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Р.Өтесінов атындағы ДШСК – де және 2017 жылы Жаңаөзен қаласы Шаңырақ, Рауан ш/а салынған 2 көпсалалы спорт алаңында «Street workout» спорттық алаңы салынды. 2018 жылы «Астана банкі» АҚ демеушілігімен «Энергетик» спорт кешені ауласына «Workoyt» алаңы орнатылды.
2018 жылы «Астана банкі» АҚ демеушілігімен «Энергетик» спорт кешені ауласына «Workout» алаңы орнатылды. 2018 жылдың көрсеткіші бойынша қала тұрғындарының 20,0% спортпен тұрақты түрде шұғылданады, немесе 34 мыңнан астам адам. Жыл басынан бері облыстық деңгейде 4, қалалық деңгейде 72 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізіліп, оған 2800-ден астам адам тартылды. Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 205 спорттық жарыстарға, турнирлерге іс-сапарға жіберілді. Оның ішінде Азия чемпионаты – 6, Қазақстан Республикасының чемпионаты – 18. Қаламызда 29 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 14 спорт түрі олимпиадалық, 11-і – олимпиадалық емес, 3 ұлттық және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт түрлері.
2019 жылы Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай, «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілігімен Жаңаөзен қаласы аумағында 10 «Workout» спорттық алаңшасы салынып Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына берілді және көпсалалы спорт алаңдары Жаңаөзен қалалаық білім бөлімінің балансына беріліп, құжаттар рәсімделіп қолданысқа берілді.
Салынған алаңшалар заң талаптарына сәйкес құжаттары рәсімделіп, балансқа қаблданды.
Алдағы уақытта «Өзенмүнайгаз» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілігімен Рахат және Қызылсай ауылдарына 2 көп салалы ойын алаңдарын салу және «Алға» мүгедектер қорына спорттық жаттығу құрылғыларын алып беру жоспарланған.
Қазақ мұнайының 120 жылдығына және «Өзенмүанйгаз» АҚ- ның 55 жылдығына орай ауыл белсенділері Теңге ауылының А.Өтембетұлы Н.Андиров көшелелері жанынан 2 спорт алаңшаларын орнатып, қолданысқа берді.
Қала аумағында және оған қарасты елді мекендерде барлығы 36 спорт алаңдары орналасқан.
Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
|
дене шынықтырумен және спортпен айналысушылардың санының өсуі; спортпен шұғылданатын спортшы жастар мен секциялардың санының өсуі; Қалалық, облыстық, Республикалық олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды. |
жаттықтырушылардың төмен жалақысы; спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі; балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау; спорт инфрақұрылымының нашар дамуы.
|
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР: |
|
балалар мен жасөспірімдер бос уақытында, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аула клубтарының желісін дамыту; дене шынықтыру-сауықтыру спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмысты жандандыру; балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту. |
спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендегенінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен; балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін. |
Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі проблемалар:
- спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;
- жастарды спортқа қызығушылығы арттыру мақсатында қала мен
ауылдарда іс-шаралар өткізу;
жарнамалар технологиясының аздығы.
2.1.2.6. Ішкі саясат
Жаңаөзен қаласы бойынша 70 үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе іске асыруға 2015 жылы 3,9 млн.теңге, 2016 жылы 6,5 млн.теңге, 2017 жылы 10,6 млн.теңге, 2018 жылы 3,9 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Саяси партиялармен өзара іс-қимыл
Қалада 01.10.2019 жылға 2 саяси партиялар: «Нұр Отан», «Ақжол» партиялары; сондай ақ, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер жанынан ашылған кәсіподақ ұйымдары да қызмет атқарады.
Бұқара халықпен жақын, Елбасының асыл мұраттарын басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы көшбасшылыққа халықтың сеніміне ие болу мен ел тәуелсіздігін нығайтудағы салихалы іс-қимылы арқылы ие болды. Партияның жергілікті жерлердегі тірегі жыл сайын нығайып, көбейіп келеді. Партия мүшелерінің дені жастар, басым бөлігі, 7498-ы экономика мен халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді.
Этносаралық және конфессияаралық қатынастар
Жаңаөзен қаласында ішкі саяси тұрақтылықты нығайту ісінде, ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелерін шешуде және бірқатар әлеуметтік мәселелерде Қоғамдық келісім ұйымының маңызы өте жоғары. Сонымен қатар, мұндай ұйым Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарында да құрылған.
Ақпараттық саясат.
Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі қаладағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Елбасы тапсырмасы бойынша жергілікті билік өкілдерінің атқарып жатқан іс-шаралары, жергілікті әкімдіктің жұмысы және қаладағы пайдалануға беріліп жатқан нысандар мен ел игілігіне жаратылып жатқан істерді насихаттау жергілікті газет және телеарна арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – қаладағы әлеуметтік–экономикалық деректер мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізуді басты назарға алып отыр. Мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары жергілікті 2018 жылдары 4 бұқаралық ақпарат құралдары, олар: 1 телеарна «Қазақстан РТРК» «Қазақстан Ақтау» АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалының Жаңаөзен өкілдігі, 2 газет «Жаңаөзен» және «Жаңаөзен жаршысы» 1 журнал «Жаңаөзен жұлдызы» жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, 3 республикалық «Мұнайлы мекен», «Президент және халық» және «Егеменді Қазақстан» газеттерінің, 1 облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінің меншікті тілшісі бар. Қала тұрғындары жергілікті телеарнамен 100%, оның ішінде «Отау ТВ» ұлттық цифрлық телехабар тарату желісімен 96,0%-ға жуығы қамтылған.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2015 жылы – 20,9 млн.теңге, 2016 жылы – 22,4 млн.теңге, 2017 жылы – 20,7 млн.теңге, 2018 жылы – 25,3 млн.теңге бөлініп, игерілді.
Қаланың қоғамдық өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны зор. Бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекеттік-ақпараттық саясаттың жүзеге асырылуын, азаматтық қоғам институттарының бірігіп жұмыс жасауын, демократизацияны, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және азаматтық бірлестіктің қалыптасуы, қаладағы жергілікті атқарушы органдар жүйесінде идеологиялық ведомстваның жағдайын анықтайды.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамалары», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары бойынша қаланың барлық саласындағы қызмет ететін кәсіпорындар мен мекемелерге толығымен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:
|
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ: |
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
|
қалалық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру қамтамасыз етілген; қалалық үкіметтік емес ұйымдарға арналған өңірлік ресурстық орталықтар белсенді жұмыс істейді; мемлекеттік органдардың жетекші қалалық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға қойылды. |
ауылдық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі; ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен; әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы; журналист кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі. |
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
|
мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету; әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын қабылдау. |
қала халқында әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі; мемлекеттік емес БАҚ-да өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың шығуы.
|
Ішкі саясат саласындағы негізгі проблемалар: