О формировании перечня востребованных специальностей при предоствалении мер социальной поддержки специалистами в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, пребывшим дял работы и проживания в селах Кызылсай, Тенге, Рахат и Кендирли

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңына  және Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынған кезде сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі (бұдан әрі- Тізбе) осы қаулының қосымшасына сәйкес қалыптастырылсын. 
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін. 

 

Қала әкімінің уақытша

міндетін атқарушы                                         Н. Худибаев                                                                             

 

Келісілді:

Н. Худибаев ____________

Е. Имашев _____________

Л. Чаканова _____________

Дайындаған

Н. Гумарова _____________ «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау                                                                                       бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

О формировании перечня востребованных специальностей при предоствалении мер социальной поддержки специалистами в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, пребывшим дял работы и проживания в селах Кызылсай, Тенге, Рахат и Кендирли
Дата публикации
03 марта 2021