Теңге ауылындағы жергілікті қоғамдастық жиынының
Хаттамасы №
Теңге ауылы 25.01.2021 жыл
Жиын онлайн форматта "Zoom" сағат : 10:00
бағдарламасында өтті.
Жиынға қатысуға мүшелердің жалпы үлесінің саны – 99 адам.
Жиын төрағасы - Өтебалы Бисенбай;
Жиын хатшысы - Бекайдаров Алдаберген;
Қатысқандар: Теңге ауылы әкімі Калаубаев Сарсенбек;
Жиынға қатысқан мүшелер саны: 50 адам
Күн тәртібі:
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу
Жиынды ашып жүргізу үшін сөз, жиын төрағасы Өтебалы Бисенбайға беріледі.
Күн тәртібі:
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және Жаңаөзен қалалық маслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатыcу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Теңге ауылы тұрғындарының жиналысы өткізілуде. Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.
Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны 99 – адам, жиынға қатысқандар саны – 50 адам.
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:
1.Күн тәртібінің мәселесі бойынша 5 минут
2.Сөйлеушілерге 7 минут
Дауыс беру...
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс» - жоқ
Қабылданды.
Сөз сөйлегендер: ауыл әкімі Калаубаев Сарсенбек Бекмолдаұлы
Құрметті Теңге ауылы тұрғындары!
Өздеріңізге мәлім, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап, жергілікті елді мекеннің дербес бюджеті қалыптасып, жаңа жүйеге өтті. Теңге ауылы 2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғындар саны 16614 адамды құрап отыр. Ауылдағы тұрғын үйлердің саны – 2307. Сіздерге ұсынылып отырған, мәселе, Теңге ауылындағы жергілікті қоғамдасты дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу туралы. Бұл бағдарлама жергілікті атқарушы органдардың атқаратын қызметінің іс-шаралары болып табылады. Бағдарлама әлеуметтік желілерге жарияланып, онымен халық еркін оқып, таныса алады. Бағдарлама ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсімге қол жеткізу.
Осыған орай, Сіздерден аталған даму бағдарламасын талқылап, бекітіп беруге ұсынамын.
Ө.Бисенбай: «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасына талқылау жүргізу туралы.
Шешімі: Қабылданды
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» - 50 адам.
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс» - жоқ
Жиын шешімі:
Дауыс берудің қорытындысын жариялауға рұқсат етіңіздер. Құрметті жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері, Бүгінгі жиналыста ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша 1 мәселе қаралған болатын. Мәселе өз шешімін тауып, Сіздердің толық қолдауларыңыздың арқасында, шешім бірауыздан қабылданды. Ауыл әкімінің аппараты жиналыста қабылданған шешім бойынша тиісті жұмыстарын атқарсын.
Күн тәртібі толық қарастырылды.
Жиналысты өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен өзгертулер бар?
Ұсыныстар мен ескертулер жоқ.
Жиналысты жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Сау болыңыздар.
Жиын төрағасы Өтебалы Бисенбай
Жиын хатшысы Бекайдаров Алдаберген