«БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»

2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ  «Ашық есік күнін» өткізеді   

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.

БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.

Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ  жауап алу мүмкіндігі болады.

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10:00-да өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eba8d13417db71c3f4ade6668183f7174

сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін

184 897 2658 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1234 .

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!     

«БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?»
Дата публикации
02 марта 2021